ойын сауық отауы
Қазақ үйдің тұрмысы
26.10.2016 1 978 0 Дауыл

Қазақ үйдің тұрмысы

Өлеңдер
Ілияс Жансүгіров өлеңі

Қазақ үйдің тұрмысы
Ақ үйге алты қанат келсем кіріп,
Босаға, маңдайша мен табалдырық,
Кереге алты жапсар, алпыс уық,
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
Құр, таңғыш, басқұр, арқан екі аяқ бау,
Төрт ірге, есік жабық, ши, туырлық,
Он бес бау, ішкі - сыртқы белдеу, желбау,
Түс киіз, көрпе, шай шымылдық,
Текемет, жастық, шапан, кілем, сырмақ,
Алаша, бешпент, көйлек, шәлі, берік,
Самаурын, үстел, кесе, шәйнек, шәугім,
Кәдеге, сандық, кебеже, ақ түндік,
Патнос, шелек, мосы, адалбақан,
Ұстара, қайрақ, тарақ, бақан, сырық,
Шылапшын, аяқ, қасық, қазан, ошақ,
Жүкаяқ, шкаф, пышақ, айна, орындық.
Тәрелке, ожау, шөміш, саба, торсық,
Ұршық, біз, балға, көсеу, қап, ине, жіп,
Сым, шалбар, жейде, дамбал, кебіс, байпақ,
Дастарқан, тақия, ішік, белбеу, белдік,
Ер - тоқым, жүген, тартпа, айыл, қамшы,
Құйысқан, үзеңгі, ішпек, өмілдірік,
Аяққап, тұз баспағы, сабын, сақар,
Ірімшік, жәшік, қоспа, май, қымыз, құрт,
Айран, ұйтқы, ашытқы, көже, саумал,
Ұн, тары, бидай, сұлы, сұр мен шұжық,
Жүн - жұбыр, қыбыр мен тері - терсек,
Келі, келсап, пышақ, аша, күрек,
Ат, қалта ноқта, бұйда, үскі, кілт,
Сыпыртқы, сүлгі орамал, қырғы көнек,
Жайнамаз, қалам, қағаз, дорба, сауыт,
Домбыра, тұтқыш, гармонь, шаппашот, тұлып
Машина, кергіш, қайшы, ілгек, шамдал,
Кепсер, қақпақ, саптыаяқ, тәспі, құлып,
Асыл тас, ақық, меруерт, маржан, үкі,
Бастырма, ілгек, жүзік, сақина, шоқ,
Кимешек, шүберек, сағат, құран кітап,
Темекі, қант, қағаз шай, насыбай шелек,
Асық, шақша, шалғы, орақ, бұрғы, қашау,
Желі арқан, көген, тоқпақ, жылқы құрық.
Басқа түрлі жабдығын санай алмай,
Сыртқы үзігін көрмекке кеттім шығып.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля
Ілияс Жансүгіров өмірбаяны, өлеңдері

Қазақша спорттық ойындар Қазақша спорттық ойындар
Шаңырақ (жарысқа дайындық ойыны 3 минут). Отбасылар сапқа тұрады 1. Шаңырақ дегенде команда дөңгелене шаңырақ сияқты қолдарының ұшын бір - біріне
Жұмбақ: Киіз үй Жұмбақ: Киіз үй
Төбедегі көзінен, Күн сәулесі түседі. Бұрышы жоқ төрінен, Самал еркін еседі. Киіз үй
Киіз үй Киіз үй
Қазақта қасиетті үш нәрсе бар Қара шаңырақ, қара орман, қара қазан. Осы үшеуін аман сақтап қаламын деп Қанша қазақ қыршынынан қиылған.
Анаграммалар №3 Анаграммалар №3
«С» - дан бастасаң, Балықтың аты. «Қ» - дан бастасаң, Үйдің заты. (Сазан - қазан)
Қойлы ауылда Қойлы ауылда
Жел тұрып күзгі салқын таза ауадан. Түңлігін киіз үйдің мазалаған. Әкесі қой күзетіп, мылтық атса, Жас сәби үйде жатып мәз - ау оған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×