ойын сауық отауы
Азербайжан мақал – мәтелдерінен
28.07.2015 5 509 0 Admin

Азербайжан мақал – мәтелдерінен

Мақал-мәтелдер
Азербайжан мақал – мәтелдерінен
Халықты үйрет пе,
Халықтан үйрен.

Жау жүректің жауырына оқ тимейді.

Ақынға алыс Бағдат – қол сілтем жер.

Қой қырықта, ешкінің есі кетер.

Дұшпанның дұшпаны - сенің досың.

Сұрай-сұрай халықтан, тау асарсың,
Сұрамасаң жазықта да адасарсың.

Құлыптан кілт берік.

Арбаны ат тартпайды, арпа тартады.

Анасы есірткен айдалада қалады.

Жылан басы ауырса жолға жатар.

Күйеусіз сайқал –
Жүгенсіз байтал.

Тасбақаны төңкеріп қойған да бір,
Көзін жойған да бір.

Өтірікші – ұмытшақ.

Ағын су арнасын табады.

Осал жау да ойыңда жүрсін.

Қорқаудан қойшы шықпайды.

Ағаш өзегінен шіриді.

Ақылды қасыңнан қорықпа,
Жарымес досыңнан қорық.

Жаттың атына мінген жаяу қалады.

Қаламның ұшында
Найзаның күші бар.

Тас қараңғы жерге тас лақтырма.

Сөздің соңы басталуынан белгілі.
Халықтың ортақ үйі – Отаны.

Көзсіз күн елтсең де,
Елсіз күн көру жоқ.

Тышқанға мысық та – арыстан.

Қойшыдан бажаң болса қой егіз табады.

Бір басты асырайтын екі қол.

Алтын балта да ағаш шабады.

Азаптың зоры – жұмыс жоқтық.

Босқынның босағасы аласа.

Ақша – адамның ата жауы.

Делдалдың қалтасы кең.

Есек есекті қарызға қасиды.

Шынайы гүлдің шын бағасын бұлбұл ғана біледі.

Ат таңдауға жасыт жібер,
Қыз таңдауға қартты жібер.
Ұялшақ жігіттен ұл тумас.

Жыланды жылан шақпайды.

Өкпешілдің үлесін жұрт жейді.

Қайтып кеткен құстан қайыр жоқ.

Бабасы еккенді баласы орады.

Тағына қарама,
Тағдырын бақ.

Өзі үшін ұйықтап,
Өзге үшін түс көреді..

Тау суы таудан ағады.

Көйлек жеңінен тозар.

Атқа шөп бер,
Итке ет бер.

Қойы жоқтың пышағы өткір.

Түймесін іздеп
Түйесінен айрылған.

Иран жақтан дәрі келгенше,
Жылан шаққан жанын берер.

Дәлдірдің мырзасы болғанша,
Дананың малайы бол.

Көз көру үшін,
Ой білу үшін.

Бір есер құдыққа тас лақтырса,
Мың есті ала алмай дал болар.

Тоғанда жүзе білмеген
Теңізде суға кетер.

Топқа тас лақтырмас болар.

Кәрі қасқыр адаспас.

Түйедей бойың болғанша,
Түймедей ойың болсын.


Құдағиымнан айрылғанша,
Құдайымнан безейін.

Көңіліне жаққанды
Керең де естиді.

Үйдегі ұрыны ит қаппайды.

Сумаңдаған ит сыпырған жерді ластар.

Суайттан сақау артық.

Екі кісі «Массың» десе,
Етбетіңнен жата қал.

Қол – көңілдің құлы.

Қар – қара жердің көрпесі.

Күн түспеген үйге
Құшнаш түстенер.

Аузыңа шақты ғана ас.

Бөрінің тойына барсаң,
Бөрібасарыңды ерте бер.

Қасықтың сыбағасы қарымына қарай.

Ұзын құйрықты үзу оңай.

Найза жеңбегенді нан жеңеді.

Алғашқы атқан тасың алысқа түседі.

Далада дәні жоқ,
Төбеде қары жоқ.

Кедейдің еті болса, оты жоқ,
Оты болса, еті жоқ.

Жат жұрттық жалғыз жылайды.

Ағаш туралы мақал - мәтелдер Ағаш туралы мақал - мәтелдер
Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.
Су туралы мақал - мәтелдер Су туралы мақал - мәтелдер
Су туралы мақал - мәтелдер Судың да сұрауы бар Ағынмен су зораяр. Ағын су арнасын табады.
Жапон мақал-мәтелдерінен Жапон мақал-мәтелдерінен
Көргенді көгершін әке-шешесінен үш бұтақ төмен қонақтайды. Қанжар да қайырымдылыққа қарсы сілтенбес.
Бенгал мақал-мәтелдерінен Бенгал мақал-мәтелдерінен
Бас тастан берік емес. Тебен боп кіріп, түрен боп шығады.
Ашанти, Әмхара мақал-мәтелдерінен Ашанти, Әмхара мақал-мәтелдерінен
Отыз жыл қисық өскен ағаш бір жылда түзелмейді. Қоқаңдаған қораз қырғи барын ұмытады.
Абхаз мақал-мәтелдерінен Абхаз мақал-мәтелдерінен
Абхаз мақал-мәтелдерінен Кезінде егілген кезінде көктейді. Таздан тарақ сұрама.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×