ойын сауық отауы
Ашанти, Әмхара мақал-мәтелдерінен
08.08.2015 2 130 0 Admin

Ашанти, Әмхара мақал-мәтелдерінен

Мақал-мәтелдер
Ашанти мақал-мәтелдерінен.

Отыз жыл қисық өскен ағаш бір жылда түзелмейді.

Қоқаңдаған қораз қырғи барын ұмытады.

Дәрігер біреу үшін дәрі ішпейді.

Құл қожаны таңдамайды,
Қожа құлды таңдайды.

Әмхара мақал-мәтелдерінен

Қолбасы қорқақпен кеңеспес болар.

Әркім үйім үлкейер деп үміттенер.

Ақшаң барда аспаннан да жол табылар.

Дертін жасырғанға дару жоқ.

Бағы тайғаннан барша жұрт безеді.

Бастықтың өтініші де – бұйрық.

Отын бар да от өшпес.

Ніл дариясын көрмеген бұлаққа да таң қалады.

Байдың ұлы қалада,
Бейбақтың ұлы далада.

Күн көрінсе құс сайрайды.

Тоқсанға келген тың болмас.

Ақылдының қатесін тере берсең, асқар тау болар.

Қисайған ауызды қырық дәрімен сыласаң да түзелмейді.

Жат жердегі адам ауыздықтаулы аттай.

Қасқа баста қайызғақ болмайды.

Аласадан құлаған ақсамас.

Даргин мақал-мәтелдерінен Даргин мақал-мәтелдерінен
Мыңғырған мал – меңдеген дерт. Сыпыра мақтаса, сыпырғышты да бай алады.
Көне үнді мақал-мәтелдерінен Көне үнді мақал-мәтелдерінен
Қалғымағанға қатер жоқ. Тас құмыра тамшыдан толады.
Гагауз мақал-мәтелдерінен Гагауз мақал-мәтелдерінен
Оқығанның көзі төртеу. Төңкерген ыдыс толмайды.
Армян мақал-мәтелдерінен Армян мақал-мәтелдерінен
Армян мақал-мәтелдерінен Гүлден жылан зәр жияды, ара бал жияды. Үлкен теңізде үлкен балық болады.
Адыгей және кабарды халықтарының мақал-мәтелдерінен Адыгей және кабарды халықтарының
Адыгей және кабарды халықтарының мақал-мәтелдерінен Орнын таппаған орынсыз қалар Сарқыт – сорлының сыбағасы.
Абхаз мақал-мәтелдерінен Абхаз мақал-мәтелдерінен
Абхаз мақал-мәтелдерінен Кезінде егілген кезінде көктейді. Таздан тарақ сұрама.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×