ойын сауық отауы
Мұндай махаббат – тек ұлы тұлғаларда ғана болады
17.10.2019 4 532 0 Admin

Мұндай махаббат – тек ұлы тұлғаларда ғана болады

Бұл қызықты
Махаббат дегеніміз – екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы...
Егер біз махаббатты Эверест шыңына теңесек, сол шыңға шыққандар саусақпен санарлық. Жұрттың бәрі үйленіп, тұрмыс құра береді. Бірақ оның бәрі махаббат емес. 100 адамның ішінен 1 - 2 адам ғана махаббатқа жақындауы мүмкін» деген ой айтамын. Менің «Қонаевтың дара махаббаты» деген өлеңім бар. Өзім Қонаевпен жақсы араластым. Мен оның үйіне баратынмын, ол маған келетін. Зухра деген әйелі бар еді. Татардың қызы болатын. Басында мен де «Татардан алғаны несі?» деп ойладым. Екеуінің арасында бала болмады. Ауылының қариялары бір күні жиналып Қонаевқа келіпті. «Мына әйелден (Зухра) бала болмады, біз сенен ұрпақ алып қалуымыз керек. 20 жасар қызды дайындап отырмыз», – дейді. Әйелі Зухра ақсақалдарға «Өздеріңіз біліңіздер. Димекең қалай шешсе, солай болсын», – деп жауап беріпті. Ал Димекең: «Жоқ, маған Зухрадан басқа әйел керек жоқ», – деген көрінеді. Димекең Мәскеуге, Ленинградқа барғанда міндетті түрде күрделі кітаптар әкеледі екен. Оны Димекеңнен кейін Зухра да оқып шығады. Сосын екеуі талқылайды, әрқайсысы өз ойларын айтады. Кейде сондай талқылаулармен таң атырады екен. Димеңең бірде маған: «Ғашықтық ғаламаты» деген өлеңіңізді талқылап, бір кешті сіздің поэзияңызға арнадық», – деді. Сонда олар кез - келген тақырыпта ой алмасатын болып тұр ғой. Димекең: «Еш уақытта бір - бірімізден зерігіп көрген емеспіз», – дейді. Димекең әр үйіне барғанымда «Зухраның өмірден кеткеніне 2 ай, 10 күн болды. 3 ай 18 күн болды» деп айтып отыратын. Сағынатын. Ал қазір жастар үйленеді, сосын орталарындағы әңгіме «Бала қалай? Анау қалай? Мынау қалай? Ақшаны қайда жібердің?» деген төңіректе болады да, жаңағыдай әңгіме жайына қалады. Бір - бірін байыту, толықтыру деген атымен жоқ. Сондықтан үйленудің бәрін махаббат деуге болмайды. Махаббат дегеніміз – екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы. Мұндай махаббат – тек ұлы тұлғаларда ғана болады....
(Мұхтар Шахановтың сұхбатынан үзінді, Әдебиет порталы)

Жаңа жылға арналған тілек Жаңа жылға арналған тілек
«Денсаулық, сен біреу емессің бе? Мыналар кім?»- деп таң қалыпты жақсы адам. Сонда: «Денсаулық болған соң, біз де боламыз ғой міндетті түрде» деп,
Жақсы әйел туралы жақсы сөз. Жақсы әйел туралы жақсы сөз.
Бір әйелден: «Бұл өмірде сенен басқа әйел жоқтай, күйеуің не үшін сені соншалық жақсы көреді? Алайда дүниеде сенен де сұлу әйелдер бар ғой?» деп
Бағалай білсең бәрі бақ Бағалай білсең бәрі бақ
Баяғыда біреудің 2 қызы болыпты. Бір қызы көркем мінезді, шебер екен, ал екіншісі мінезі сондай дөрекі, әдепсіздеу екен. Бір күні көрші ауылдан
Бар махаббат - Ақұштап Бақтыгереева Бар махаббат - Ақұштап Бақтыгереева
Сенбе дос, өз сертінде тұрмағанға, Махаббат жалған десе бұл ғаламда. Махаббат болмаса егер, дала кезіп, Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма.
Махаббат па, махаббат болған менде… Махаббат па, махаббат болған менде…
Махаббат – ерекше сезім, ғажайып құбылыс, жұмбақ нәрсе. Кімге қалай, қашан келетінін білмейсің. Алайда, жер бетіндегі бар адам соны күтуде,
Махаббат деген не? Махаббат деген не?
Махаббат ол кездейсоқ пайда болмайды. Ол адамның бүкіл ішкі әлемінің біртіндеп өзгеріске ұшырап, қайта жандануы жаңа бір күй кешуі. Стендаль махаббат
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×