ойын сауық отауы
Вьетнам мақал-мәтелдерінен
11.08.2015 1 949 0 Admin

Вьетнам мақал-мәтелдерінен

Мақал-мәтелдер
Вьетнам мақал-мәтелдерінен

Ана баулыған бала епті,
Әке баулыған бала есті...

Қарны аштың құлағы бітеу.

Шамдандырсаң, ара да шағады.

Қарақшы қары қалды,
Қазірет тартып алды.

Бәленің басы байлықта.

Бай – саңырау, бек – соқыр.

Бай қарасын сатар,
Байғұс баласын сатар.

Құрыған ағаштың құрты да аш-арық.

Аспандағы шамның жарығы алысқа түседі.

Түн кезе берсең, түбі шайтанға тап боларсың.

Иыққа шақ иінағаш.

Қарға қаралығын білсе, аққуға жоламас.

Маржанның сатсаң тазасын,
Мақтаудан несін сасасың?!

Еңкілдеп күлген еңіреп жылайды.

Ашқарақ асүйден шықпайды.

Бала туралы мақал - мәтелдер Бала туралы мақал - мәтелдер
Адам болар ұлыңның арқа - басы кең келер. Ана болар қызыңның ақыл - есі тең келер.
Даргин мақал-мәтелдерінен Даргин мақал-мәтелдерінен
Мыңғырған мал – меңдеген дерт. Сыпыра мақтаса, сыпырғышты да бай алады.
Бенгал мақал-мәтелдерінен Бенгал мақал-мәтелдерінен
Бас тастан берік емес. Тебен боп кіріп, түрен боп шығады.
Ашанти, Әмхара мақал-мәтелдерінен Ашанти, Әмхара мақал-мәтелдерінен
Отыз жыл қисық өскен ағаш бір жылда түзелмейді. Қоқаңдаған қораз қырғи барын ұмытады.
Ауған мақал-мәтелдерінен Ауған мақал-мәтелдерінен
Жылан арбаушының ажалы жыланнан. Арлан қасқыр апанға тығылмас.
Армян мақал-мәтелдерінен Армян мақал-мәтелдерінен
Армян мақал-мәтелдерінен Гүлден жылан зәр жияды, ара бал жияды. Үлкен теңізде үлкен балық болады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×