ойын сауық отауы
Ішім өлген, сыртым сау
02.04.2016 9 695 0 Дауыл

Ішім өлген, сыртым сау

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Ішім өлген, сыртым сау,
Көрінгенге деймін - ау:
Бүгінгі дос - ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?!
Өз үйінде өзендей,
Күркірейді, айтса дау.
Кісі алдында кірбеңдеп,
Шабан, шардақ1 және шау2.
Мұндай ма едің ана күн,
Мұның қалай, батыр - ау?
Үш күн арқаң босаса,
Бола қалдың бас асау.
Жан қысылса, жайтаңдап,
Жанды еріткен жайдары - ау.
Жан жай тапса, сен неге
Жат мінезсің жабырқау?
Ұрлық пенен қулыққа,
Байлағанда, кестің бау.
Берерменде бесеусің,
Аларманда және алтау.
Топ болғанда көрерсің
Түрлі дауды жүз тарау.
Аяғында сендейлер,
Көрмей жүр ме қанталау?
Қайтып келер есікті,
Қатты серіппе, жарқын - ау!
Жетілсең де, жетсең де,
Керек күні бір бар - ау.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Піл мен қанден Піл мен қанден
Көшеде піл жетелеп біреу жүрді, Кім көріпті хайуанды мұндай түрлі. Көрсеткелі ап жүрген жануарды Тамашалап, артынан жұрт боп ерді.
Татьяна сөзі Татьяна сөзі
Тәңірі қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ең. Ол кезімде бала едім мен, Аямасқа бекіп ең.
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? Махаббат, ғадауат¹ пен майдандасқан, Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Кейде есер көңіл құрғырың Кейде есер көңіл құрғырың
Кейде есер көңіл құрғырың, Махаббат іздеп талпынар. Ішем деп бейнет сусынын, Асау жүрек алқынар.
Жүрегім менің қырық жамау Жүрегім менің қырық жамау
Жүрегім менің қырық жамау Қиянатшыл дүниеден. Қайтып аман қалсын сау, Қайтқаннан соң әрнеден.
Альбомға Альбомға
Сал демеймін сөзіме ықыласыңды, Қайғылы өлең еттім өз басымды. Көкірегім бар сырын өз әлінше, Көрінгенге көрсетпей, көп жасырды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×