ойын сауық отауы
Татьяна сөзі
05.04.2016 8 021 0 Дауыл

Татьяна сөзі

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Татьяна сөзі
(А. С. Пушкиннен)
Тәңірі қосқан жар едің сен,
Жар ете алмай кетіп ең.
Ол кезімде бала едім мен,
Аямасқа бекіп ең.

Талақ етіп бұл ғаламды,
Болды мәлім кеткенің,
Кінәсі жоқ жас адамды
Қатты соққан не еткенің?
Елжіреген жас емес пе ем?
Еппен айтсаң жұбатып.
Мен ғашыққа мас емес пе ем?
Кетсең еді ұзатып.
Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем.
Тірі қалдым, өлмей әрең,
Қатты батты тырнағың.

Бұл кінә емес, әншейін наз,
Сағынамын, айтамын.
Досың - ақпын, тағдыр араз,
Толғанамын, қайтемін.
Сен шошыдың ғашығыңнан,
Өзге жұрттан қамшы жеп.
Мен де сорлы нәсібімнен,
Жатқа тидім алшы деп.
Жар табылмас сен секілді,
Мен де сендей сорлы зар.
Қол - аяғым берік бекілді,
Енді ненің орны бар?
Өз қораңның қақпасын сен
Қатты жаптың, не айтайын.
Жат қораның тақтасын мен
Жастанамын, қайтейін.

Қаймақ еді көңілімде,
Бізге қаспақ болды жем.
Екі сөз жоқ өмірімде,
Мен де – сорлы бақыты кем.

Еш қызыққа арманым жоқ,
Бәрі де бар формының.
Біреуіне қанғаным жоқ,
Өзіме аян сорлымын.

Жаным ғашық асылым ең,
Жар есігін бермедің.
Сорға біткен ғашығымсың,
Неге тым кеш сермедің?

Жат есікті және қорып,
Жара салма сен маған.
Жұрт жамандар жатқа жорып,
Жалынамын мен саған.

Үшбу қиял келсе басқа,
Сен жүдер деп мен үшін.
Болар еді қайнамасқа,
Мыс қазандай сорлы ішім.

Ғашық - ақпын еш күмәнсіз,
Ырыс емес, сор үшін.
Көрісуге шыдамаспыз,
Айрылалық сол үшін.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Онегиннің Татьянаға жауабы Онегиннің Татьянаға жауабы
Таңғажайып бұл қалай хат, Мағынасы – алыс, өзі жас? Сөзі орамды, әр түрі жат, Және әдепті, және рас.
Онегиннің Татьянаға жазған хаты Онегиннің Татьянаға жазған хаты
Құп білемін, сізге жақпас Ескі жара білтелеу. Ақ жүрегің енді ұнатпас, Мезгілі жоқ қай медеу?
Қазақ азаматы Қазақ азаматы
Біреуіне - сен Тәңірім деп табынад, Біреуіне - мен құлың деп бағынад. Біреуіне - садақа бер деп жалынад, Біреуіне - құйрық болып тағылад.
Шын сорлы Шын сорлы
Күн суық, қатты аяз, шыдар емес, Қар борап соққан желмен қылып егес. Кедейлер үсіп - тоңып, дір қалтырар, Жылы үйде байлар жатар, уайым жемес.
Сорлы қазақ Сорлы қазақ
Сорлы қазақ жан алқымға тығылып, Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, Алға баспай, біткен ісі кер кетіп, Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп;
Мен сорлы Мен сорлы
Талайсыз, бақсыз мен сорлы, Бір ісім оңға бармаған. Мен не жаздым о ғұрлы, Тәңірі мұнша қарғаған?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×