ойын сауық отауы
Жапырағы қуарған ескі үмітпен
03.04.2016 2 759 0 Дауыл

Жапырағы қуарған ескі үмітпен

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Жапырағы қуарған ескі үмітпен
Қиял қып өмір сүріп, бос жүріппін.
Жыбыр қағып, көңілді тыншытпайды
Қашанғы өтіп кеткен бұлдыр көп күн.

Ол дәурен өмір емес, бір көрген түс,
Ойға түйме қызықты қиялдан күс.
Қарашы, өз бойыңда түгел ме екен
Ыстық жүрек, өң - шырай, қуат пен күш?

Төңкеріліп құбылған жұрт — бір сағым,
Шынға шыдап, қоса алмас ынтымағын.
Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің,
Өзіңді өзің күзет, кел, шырағым!
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Бақа мен өгіз Бақа мен өгіз
Қарасаң, тым - ақ көп Көре алмас іші тар. Несі артық, бізден деп, Салыспақ жұрт та бар.
Құлақтан кіріп, бойды алар Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй.
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Сағаттың шықылдағы емес ермек Сағаттың шықылдағы емес ермек
Сағаттың шықылдағы емес ермек, Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Ойға түстім, толғандым Ойға түстім, толғандым
Ойға түстім, толғандым, Өз мінімді қолға алдым. Мінезіме көз салдым, Тексеруге ойландым.
Желсіз түнде жарық ай Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны - терең сай, Тасыған өзен күрілдеп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×