ойын сауық отауы
Бақа мен өгіз
07.04.2016 4 256 0 Дауыл

Бақа мен өгіз

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Бақа мен өгіз
(И. А. Крыловтан)

Қарасаң, тым - ақ көп
Көре алмас іші тар.
Несі артық, бізден деп,
Салыспақ жұрт та бар.

Су ішкелі бір өгіз
Барып еді бұлаққа.
Бақалар қорқып, тарбақтап
Қашып шықты әр жаққа.

Бақаға өгіз таумен тең,
¥шып кетті зәресі.
Мақтаншақтың, сен көрсең,
Бақада екен төресі.

Өз - өзінен бір бақа
Күшенді де, бөртінді.
Қарны үлкейді қампайып,
Өгіздей болам деп ісінді.

Қасындағы жолдасқа
"Қарашы,— деді,— сен бізге!
Қиын ба екен үлкею,
Жеткем жоқ па өгізге?"

"Ісіндің, кебіндің,
Сонда да не пайда?
Түрі жат өгіздің,
Сен қайда, ол қайда?"

Күшенді кеп кіжініп,
Келгенінше шамасы,
"Өстім ғой"— деп ісініп,
Дейді: "енді бір қарашы!"

Қарады да,— "Дәнеме
Болған жоқ қой, қой!"— деді.
Қызып алған антұрған
Айтқан сөзге көнбеді.

Ыңқыл қағып, тыпырлап,
Күшенді де, бөртінді.
Іш жарылды сытырлап.
Мақтанам деп өзі өлді.
Таласпа, жаным - ай,
Қолыңнан келмеске.
Боларсың бақадай,
Көп түссең егеске.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Қарға мен түлкі Қарға мен түлкі
Жұрт біледі, күледі, Сұрқия тілдің жаманын, Қошеметшілердің амалын. Сонда да солар қайда жоқ?
Шегіртке мен құмырсқа Шегіртке мен құмырсқа
Шырылдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған.
Күйісбайға Күйісбайға
Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға, Бермек болған айғырдың көзі қайда? Көзді көрсең бересің, тайсаң танып, Алдамшы атанғанның несі пайда?
Жапырағы қуарған ескі үмітпен Жапырағы қуарған ескі үмітпен
Жапырағы қуарған ескі үмітпен Қиял қып өмір сүріп, бос жүріппін. Жыбыр қағып, көңілді тыншытпайды Қашанғы өтіп кеткен бұлдыр көп күн.
Жаманбаланың баласы өлгенде Жаманбаланың баласы өлгенде
Белгілі сөз: «өлді, өлді», Белгісіз оның мекені. Не халатқа әурілді, Қайда қандай екені.
Өгіз бен бақа Өгіз бен бақа
Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді, Жағалап суаты бар жерге келді. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі, Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×