ойын сауық отауы
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
05.04.2016 3 847 0 Дауыл

Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?
Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір,
Желігін жерге тықпас кісің бар ма?!

Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.
Қай қызығы татиды қу өмірдің
Татуды араз, жақынды жат қыларға?

Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін,
Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін.
Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма,
Шымылдық боп көрсетпесдүние шынның жүзін.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Көңілдің күйі тағы да Көңілдің күйі тағы да
Көңілдің күйі тағы да Өмірсіз жанның алды ішін. Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған қайғысын.
Құлақтан кіріп, бойды алар Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй.
Күйісбайға Күйісбайға
Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға, Бермек болған айғырдың көзі қайда? Көзді көрсең бересің, тайсаң танып, Алдамшы атанғанның несі пайда?
Ерекше естен кетпес қызық қайда Ерекше естен кетпес қызық қайда
Ерекше естен кетпес қызық қайда? Жолығатын қыз қайда терең сайда? Сұлулығын қояйын, мінезі артық, Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда.
Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы
Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы, Боқтан сасық боласың өлсең тағы. Мені мен сен тең бе деп мақтанасың, Білімсіздік белгісі — ол баяғы.
Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ
Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ, Оларға жөн, арамның сөзін ұқпа. Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп, Әске жоқ кеселді істен биттей қорықпақ.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×