ойын сауық отауы
Туғызған ата ана жоқ
06.04.2016 5 186 0 Дауыл

Туғызған ата ана жоқ

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Туғызған ата ана жоқ,
Туғызарлық бала жоқ.
Туысқан туған, құрбылас
Қызығымен және жоқ.

Тулайын десе шара жоқ,
Толықсып жүрер шама жоқ.
Ұйқы мен астан дәм кетіп,
Сақалда, шашта қара жоқ.

Байбайшыл тартып, баға жоқ.
Жастарға жаппас жала жоқ.
Жат қораны күзеткен
Қартаң шалда сана жоқ.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Ғашықтық іздеп тантыма Ғашықтық іздеп тантыма
Ғашықтық іздеп тантыма Аз күн әуре несі іс? Өзіңнің қара артыңа, Өткен өмір бейне түс.
Қара қатынға Қара қатынға
Қара қатын дегенге, қара қатын, Үзіп - жұлып алып жүр қанағатын. Ала жаздай байың кеп бір жатпайды, Қазақтың не қыласың шарағатын1.
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа, Аларында шара жоқ алдамасқа. Табысына табынып, қалтаң қағып, Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.
Көкбайға Көкбайға
Бұралып тұрып, Буыны құрып, Қисайта тартып мұрынын. Әсемсіп, сәнсіп, Білгенсіп, бәлсіп, Әр нәрсенің орынын.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек Ашуың – ашыған у, ойың – кермек. Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық, Кім көңілді көретін, болады ермек?
Кім екен деп келіп ем түйе қуған Кім екен деп келіп ем түйе қуған
Кім екен деп келіп ем түйе қуған, Қатын ғой күлдәріден белін буған. Төркініңнің бергені жауыр айғыр, Бауырыңды ұрайын бірге туған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×