ойын сауық отауы
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
17.05.2016 5 645 0 Дауыл

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Ашуың – ашыған у, ойың – кермек.
Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көретін, болады ермек?

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек.
Басқа із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек ездігінен көпке көнбек.

Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.

Адамзат тірлікті дәулет білмек,
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.
Екеуінің білі жоқ, ауыл кезіп,
Не қорлық, құр қылжаңмен күн өткізбек?

Наданға арам ақылды құлаққа ілмек,
Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек.
Рас сөздің кім білер қасиетін?
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.

Қызыл арай, ақ күміс, алтын берген
Қызықты ертегіге көтерілмек.
Ақсақалдың, әкенің, білімдінің
Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек.

Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Таразы да, қазы да өз бойында,
Наданның сүйгені көп пен дүрмек.

Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек.
Бір-екі жолы болған кісі көрсе,
Құдай сүйіп жаратқан осы демек.

Ел бұзылса, табады шайтан өрнек,
Періште төменшіктеп, қайта жемек.
Өзімнің иттігімнен болды демей,
Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек.

Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек,
Сабырменен топ жасап бөлек-бөлек.
Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,
Өзімен өзі бір күн болмай ма әлек?

Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек?
Адалдық, адамдықты кім теңгермек?!
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,
Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Сағаттың шықылдағы емес ермек Сағаттың шықылдағы емес ермек
Сағаттың шықылдағы емес ермек, Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ - барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман, Шошимын кейінгі жас балалардан. Терін сатпай, телміріп көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.
Мен - дағы өлең жазбаймын Мен - дағы өлең жазбаймын
Мен - дағы өлең жазбаймын ермек үшін, Ермек үшін, немесе өлмеу үшін. Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын, Жаралы жүректерді емдеу үшін.
М. Д. абақтыдан шыққанда М. Д. абақтыдан шыққанда
Зор қуаныш — қара түн өткенiне, Алтын таңды ашық күн жеткенiне, Қан аралас төгiлген көп көз жасты Тәңiрi қабыл, мейiрiм ғып, еткенiне.
Абай Құнанбаевтың өлеңдері №1 Абай Құнанбаевтың өлеңдері №1
Кім екен деп келіп ем түйе қуған, Қатын ғой күлдәріден белін буған. Төркініңнің бергені жауыр айғыр, Бауырыңды ұрайын бірге туған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×