
Қатыны мен Масақбай
Өлеңдер
Абай Құнанбаев
Қатыны мен Масақбай
Сырмақ қып астына
Байның тоқымын,
Отының басына
Төрінің қоқымын
Бүксітіп,
Бықсытып,
Қоқсытып келтірді.
Осының бәрімен
Көңілінде міні жоқ,
Жүзінің нәрі мен
Бойының сыны жоқ.
Бүкшиіп,
Сексиіп,
Түксиіп өлтірді.
Күлкі боп көргенге,
Құрбыға қадірсіз.
Ас қылып бергенге
Шыдамас, сабырсыз.
Келді, ойбай,
Салды айғай,
Түк қоймай боқтады.
Сөзінің жөні жоқ,
Ақылсыз томырық,
Қатынның күні жоқ
Қамшы мен жұдырық.
Барқылдап,
Тарқылдап,
Салпылдап тоқтады.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау
Қатыны мен Масақбай
Сырмақ қып астына
Байның тоқымын,
Отының басына
Төрінің қоқымын
Бүксітіп,
Бықсытып,
Қоқсытып келтірді.
Осының бәрімен
Көңілінде міні жоқ,
Жүзінің нәрі мен
Бойының сыны жоқ.
Бүкшиіп,
Сексиіп,
Түксиіп өлтірді.
Күлкі боп көргенге,
Құрбыға қадірсіз.
Ас қылып бергенге
Шыдамас, сабырсыз.
Келді, ойбай,
Салды айғай,
Түк қоймай боқтады.
Сөзінің жөні жоқ,
Ақылсыз томырық,
Қатынның күні жоқ
Қамшы мен жұдырық.
Барқылдап,
Тарқылдап,
Салпылдап тоқтады.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау
Қатыны мен Масақбай өлеңдер өлең Абай Абай Құнанбаев өлеңдері Абай Құнанбаевтың өлеңдері Абай Құнанбайұлының өлеңдері Абайдың өлеңі абай құнанбаев абай құнанбаев өлеңдері абай кунанбаев

Көлеңке басын үзартып, Алысты көзден жасырса; Күнді уақыт қызартып, Көкжиектен асырса;

Қуаты оттай бұрқырап, Уәзінге өлшеп тізілген. Жаңбырлы жайдай сырқырап, Көк бұлттан үзілген.

Қуанбаңдар жастыққа, Елірме күлкі, мастыққа. Көзің қайдан жетеді Достық пенен қастыққа?

Көлеңке басын ұзартып, Алысты көзден жасырса; Күнді уақыт қызартып, Көк жиектен асырса;

Түлкібайдың қатыны атың Шәріп, Байға жарып көрмеген сен бір кәріп. Сен шыққан жол үстінде жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір-бір сарып.