ойын сауық отауы
Қуаты оттай бұрқырап
06.04.2016 3 026 0 Дауыл

Қуаты оттай бұрқырап

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Қуаты оттай бұрқырап,
Уәзінге өлшеп тізілген.
Жаңбырлы жайдай сырқырап,
Көк бұлттан үзілген.
Қайран тіл, қайран сөз —
Наданға қадірсіз.

Тәуекел мен батыр ой
Өткір тілді найза етіп,
Сайысып - ақ бақты ғой,
Неше түрлі айла етіп.
Оянбай, қайран жұрт,
Ұялмай қал жым - жырт!

Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.
Ән салар, жатқа алар,
Түбінде құр қалар.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы
Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы, Теңіздің түбіндей - ақ қарап бақшы. Сол жүректен жылылық, достық пенен Бұлақша ағып ғаламға тарамақшы.
Құлақтан кіріп, бойды алар Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй.
Жігіт сөзі Жігіт сөзі
Айттым сәлем, қалам қас, Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас.
Алла деген сөз жеңіл Алла деген сөз жеңіл
Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол емес.
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап? Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап? Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап, Қыран шықса қияға, жібереді Олар да екі құсын екі жақтап.
Адамның кейбір кездері Адамның кейбір кездері
Адамның кейбір кездері. Көңілде алаң басылса; Тәңірінің берген өнері Көк бұлттан ашылса;
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×