ойын сауық отауы
Өзгеге, көңілім, тоярсың
06.04.2016 4 785 0 Дауыл

Өзгеге, көңілім, тоярсың

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.
Жыласын, көзден жас ақсын,
Омырауым боялсын.
Қара басқан, қаңғыған,
Хас надан нені ұға алсын?
Көкірегінде оты бар,
Құлағын ойлы ер салсын.
Тыңдамаса еш адам,
Өз жүрегім толғансын.
Әр сөзіне қарасын,
Іштегі дертім қозғалсын.
Әуелесін, қалқысын,
От - жалын боп шалқысын.
Жылай - жырлай өлгенде,
Арттағыға сөз қалсын.
Мендей ғаріп кез болса,
Мойын салсын, ойлансын.
Қабыл көрсе сөзімді,
Кім таныса, сол алсын.
Не пайда бар - мың надан
Сыртын естіп таңдансын.
Онан дағы бір есті
Ішкі сырын аңғарсын.
Өздерің де ойлаңдар,
Неше түрлі жан барсың.
Ғылым да жоқ, ми да жоқ,
Даладағы аңдарсың.
Жүрегіңмен тыңдамай,
Құлағыңмен қармарсың.
Соны көріп, соларға
Қайтіп қана сарнарсың?!
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Қасиетті дұға Қасиетті дұға
Өмірден тепкі жесем жазығым жоқ, Ешнәрсеге көңілім болмаса тоқ, Қайта - қайта оқысам бір дұғаны, Сөніп қалған жүректе жанады шоқ.
Қыз сөзі Қыз сөзі
Қиыстырып мақтайсыз, Ойласаң не таппайсыз? Бізде ерік жоқ, өзің біл, Әлде неге бастайсыз.
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да Жарқ етпес қара көңілім не қылса да
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да, Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ, Саған жар менен артық табылса да.
Домбыраға қол соқпа Домбыраға қол соқпа
Домбыраға қол соқпа, Шымырлатып бір - бірлеп. Жүрегім, соқпа, кел тоқта, Жас келер көзге жүр - жүрлеп.
Сап-сап, көңілім, сап көңілім! Сап-сап, көңілім, сап көңілім!
Сап-сап, көңілім, сап көңілім! Саяламай, сай таппай, Не күн туды басыңа Күні-түні жай таппай? Сен жайыңа жүргенмен, Қыз өле ме бай таппай?
Абай Құнанбаевтың өлеңі. Жүрегім, нені сезесің Абай Құнанбаевтың өлеңі. Жүрегім, нені сезесің
Жүрегім, нені сезесің, Сенен басқа жан жоқ па? Дүниені, көңілім, кезесің, Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×