ойын сауық отауы
Абай Құнанбаевтың өлеңі. Жүрегім, нені сезесің
15.07.2016 6 282 0 Дауыл

Абай Құнанбаевтың өлеңі. Жүрегім, нені сезесің

Өлеңдер
Жүрегім, нені сезесің,
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңілім, кезесің,
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!

Сезгеніңді сездіріп,
Жете алмадың ортаққа.
Тірі жаннан бездіріп,
Апарасың қай жаққа?
Ортақтық, тыныштық достық қой,
Оның қадірін кім білер?
Әркімге - ақ тілеу қостық қой,
Бәрі — алдамшы саудагер.

Халықтың аты керек қой
Я мақтауға, боқтауға.
Құбылуға бәрі зерек қой,
Бәрі жайсыз тоқтауға.

Досты қайдан табасың,
Кеңесерге адам жоқ.
Әрлі - берлі шабасың,
Жалғыздықтан жаман жоқ.

Ақыл айтсаң біреуге
Ішің еріп, егіліп,
Ұялмас ақы тілеуге,
Бермесең қалар түңіліп.

Ақы беріп тыңдатқан
Сөз көкейге қонар ма?
Құлағын сатқан тәңірі атқан
Оңдырар ма, оңар ма?

Күйесің, жүрек, күйесің,
Күйгеніңнен не пайда?
Дүниеде нені сүйесің,
Өмір қайда, дос қайда?
Өзіңіз білетін ақынның өлеңдерін сайтта жаиялауға болады, пікір қалдыру жолына немесе поштаға жолдауға болады.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Көлеңке басын ұзарты Көлеңке басын ұзарты
Көлеңке басын үзартып, Алысты көзден жасырса; Күнді уақыт қызартып, Көкжиектен асырса;
Менің сырым, жігіттер, емес оңай Менің сырым, жігіттер, емес оңай
Менің сырым, жігіттер, емес оңай, Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай! Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім, Қазысы оның — арым мен бір - ақ құдай.
Өзгеге, көңілім, тоярсың Өзгеге, көңілім, тоярсың
Өзгеге, көңілім, тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың? Оны айтқанда толғанып, Іштегі дертті жоярсың.
Жүрегім менің қырық жамау Жүрегім менің қырық жамау
Жүрегім менің қырық жамау Қиянатшыл дүниеден. Қайтып аман қалсын сау, Қайтқаннан соң әрнеден.
Домбыраға қол соқпа Домбыраға қол соқпа
Домбыраға қол соқпа, Шымырлатып бір - бірлеп. Жүрегім, соқпа, кел тоқта, Жас келер көзге жүр - жүрлеп.
Ата - анаға көз қуаныш Ата - анаға көз қуаныш
Ата - анаға көз қуаныш – Алдына алған еркесі. Көкірегіне көп жұбаныш, Гүлденіп ой өлкесі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×