ойын сауық отауы
Қалдаяқов өзені
10.04.2016 2 244 0 Дауыл

Қалдаяқов өзені

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Қалдаяқов өзені
Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан - таңға ән салдырған,
Өзің әнмен қарсы алдырған Шәмші едің,-
Зорсығанның көбісі құры сүлде,
Ешкім көзі тірісінде
Ән көгінен дәл өзіндей таба алған жоқ нар сенім,
Қандай ғажап кереметің бар сенің.
Ұлылыққа еліктегіш отсыз, нәрсіз көздер көп,
Біреулер жүр саусағының көмегімен сазгер боп,
Ал сен ұлы жүрегіңмен,
Пейіліңмен, тілегіңмен,
Күллі тамыр тірегіңмен,
Дарын едің алдына жан салмаған,
Ұлт сезімін арқалаудан талмаған.
Отырардың еңкеймеген рухын
Әр қазаққа ән арқылы жалғаған.
Бәлкім, содан маңдайыңның қасіреті тым қалың,
Пенделік пен кенделікті көп көрсең де сынбадың.
Заманыңда ұшырсаң да әннің небір сұңқарын,
Тіпті сазгер қоғамына мүше болмай кеттің - ау,
Ерлік шығар сондай сәтте еңкейместен тұрғаның.
Өкпелеме қазағыңа, өкпелеме, іңкәрім.
Жігіттің бір жарқыны едің,
Дәуірдің сом алтыны едің
Едің және арайы.
Бірақ сенен әлдеқайда қымбатқа
Бағаланды қалайы,
Солай көшкен бұл даладан ұлылардың талайы.
Мына шақта, ізгіліктің тауы тозған кезеңде,
Қырандардан қораздар мен тауық озған кезеңде,
Хас тұлпарды топ жабағы
Қалың шаңға жауып озған кезеңде,
Айналдың сен енді ешкім бөгей алмас өзенге.
Енді саған өшпес, өлмес атақ, данқтың кезегі
Келгендігін досың, түгіл қастарың да сезеді.
Кеш болса да жадырап ақ, еркелеп ақ еліңе
Ұлтымыздың ұлы өзені, Қалдаяқов өзені.

Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің, Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің,
Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің, Мен де сонда өзгеше едім, басқа едім. Тұрдың үнсіз дәл алдымда мөлтілдеп, Мөлдір көзден үзіліп түскен жас па
Туған күн Туған күн
Өмір мынау қатар тосқан Жеңілі мен ауырын, Шуағы мен дауылын. Бүгін мына сенің туған күніңде Қандай тілек айтсам екен, бауырым? Саған байлық тілер ем
Алғыс айтып өтем саған Алғыс айтып өтем саған
О бастан - ақ Мен Сен болғам, Сен, әрине, Мен едің, Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің. Келер таңға қиял жалғап, сыр толғасып кей күн біз
Алтын, күміс және қалайы Алтын, күміс және қалайы
Пәстеу соғып сырт көркі мазмұнынан, Бекер болды - ау, мезгілсіз тозды бір ән. Мыстан құйдық тұлғасын ұлылардың, Жер бетінде алтынның аздығынан.
Сен әлі тірі ме едің? Сен әлі тірі ме едің?
О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Көзімнен ғайып болған күнім едің, Гүлім едің... Елтіген түнім едің, О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!?
Сен бе едің? Сен бе едің?
Көтерілмей жүргенде еңсем менің, Армандадым, біреуді көрсем дедім. Біреу маған алыстан қолын созған, Қолын созған қамқоршым, сол сен бе ёдің?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×