ойын сауық отауы
Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің,
04.03.2017 4 552 0 Дауыл

Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің,

Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің,
Мен де сонда өзгеше едім, басқа едім.
Тұрдың үнсіз дәл алдымда мөлтілдеп,
Мөлдір көзден үзіліп түскен жас па едің?

Сұлу едің, көрікті едің, ұяң ең,
Көңілдегі қырды кезген қиял ең.
Сол бір үнсіз жанарыңа, жан сәулем,
Тірлігімді, нұр күнімді қияр ем.

Мен қорықтым, бақытымнан қорықтым,
Көрінсе де қарсы алдымнан болып күн.
Бақыт деген сен екенсің, жас құрбы,
Көкте емес, жерде саған жолықтым.

Өз - өзімнен дірілдедім, сенбедім,
Мен оятқан тәтті ұйқымнан сен бе едің?!
Неге ояттың, неге ояндым тым ерте,
Қызық еді түсімдегі көргенім.

Қызық еді менің ұшқыр қиялым,
Көкірегімде тасушы еді күй ағын.
Бұл сезімді жазу үшін достарым,
Жүрек керек, керегі жоқ сияның.

О, махаббат, жауып тұрған қар ма едің,
Бақытты едім, бірақ саған жарлы едім.
О, махаббат, жаңбыр ма едің көктемгі,
Көрікті едің, көркем едің, әрлі едің.

Сол қалпыңда жүрегімде тұрсың сен,
Көкірегімнен деп боп шықтың күрсінсем.
Көздерімнен жас боп шықтың жыласам,
Соны бірақ бір түсінбей жүрсің сен.

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері

Досым Жанысбекке ескерткіш Досым Жанысбекке ескерткіш
Кетіп қапсың, Жанысбек, жылды күтпей, Тұлпарыңды соңғы рет бір жүгіртпей. Жазды күнгі теңіздей толқып, шалқып, Өмір кешіп жүруші ең бір жігіттей.
Серіксіз бе едің, құрбыжан? Серіксіз бе едің, құрбыжан?
Сен әлі серіксіз бе едің, Серіксіз бе едің, Құрбыжан? Өтіпті - ау айлар, еріксіз жылдар жылжыған. Жападан - жалғыз, Жауатын күндей тұнжырап,
Сен әлі тірі ме едің? Сен әлі тірі ме едің?
О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Көзімнен ғайып болған күнім едің, Гүлім едің... Елтіген түнім едің, О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!?
Сен бе едің? Сен бе едің?
Көтерілмей жүргенде еңсем менің, Армандадым, біреуді көрсем дедім. Біреу маған алыстан қолын созған, Қолын созған қамқоршым, сол сен бе ёдің?
Сен Сен
Сен көрікті едің... Көріктісің! Баяғы бойыңдағы желік - күшің. He істеймін десең - дағы еріктісің, Себебі көріктісің, көріктісің!
Махаббат диологы Махаббат диологы
- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? - Сені іздеумен мәңгілік өтер едім. - Отқа түсіп өртенсем, не етер едің? - Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×