ойын сауық отауы
Айбергенов шыңы
10.04.2016 3 193 0 Дауыл

Айбергенов шыңы

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Айбергенов шыңы
Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр,
Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр,
Намысыңды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл.
Міне содан, ұлтымызды рухсыздан күзетіп,
Сенің, жырың шекарада әлі күнге сапта тұр.
Пайымдаймын, мойындаймын, сен данасың, мен - бала,
Ұлтыңа кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана.
Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.
Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты
Толғандырған, таң қалдырған Махамбет пен Сен ғана.
Адамдықсыз ақындық жоқ, тырмыссаң да жан сала,
Жомарттықсыз тағы алысқа шабамын деп шаршама,
Батырлығың қанша болса ақындығың соншама.
Тіпті өзіңді сыйдырмаған данқтың тар төріне
Мені бірге ап шыққың кеп арпалыстың қаншама.
Заманының ыңғайына жүрмей кеткен, іңкәрім,
Саһ өнерде қызғанышты білмей еткен, іңкәрім,
Иығына бүтін бешпет ілмей кеткен, іңкәрім!
Жер астынан сәлем жолдап жатырсың сен күн сайын,
Қазағымның маңдайына сыймай кеткен, сұңқарым.
Не жақсылық болса алдымен елге болсын дегенсің,
Сондықтан да сенің даңқын, сенің салтың көгерсін.
Сайын далаң жырыңды еске ап күлкісін сәл шегерсін.
Әр жүректе бұлтқа оранған қасиетті бір шын бар,
Ол — ақындық мәрттік шыңы, Айбергенов деген шын...
Ұлт рухы қай кезде де қанаттыға астана,
Айбергенов шынын көрсең, атыңнан түс, жас бала!

Байғұс бала - Мұхтар Жақсылық Байғұс бала - Мұхтар Жақсылық
Көлеңкелеп отыр едім көк талды, Бір кішкентай маған қарай оқталды. Рұқсат сұрап жайғасты да жаныма, Аға, сенде МАМА бар ма?., деп қалды.
Махамбет Махамбет
Екі жүз жыл. Сен туғалы, Махамбет, Екі жүз жыл жұлдыздарға ұмтылғалы, Махамбет. Дұшпаның да, зымыраған жылдар да Келмеді ғой сені мәңгі құртуға әлі,
Желтоқсан тағлымы Желтоқсан тағлымы
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Қалдаяқов өзені Қалдаяқов өзені
Бар қазақты тамсандырған, Таңнан - таңға ән салдырған, Өзің әнмен қарсы алдырған Шәмші едің,- Зорсығанның көбісі құры сүлде, Ешкім көзі тірісінде Ән
Тағдырмен бетпе - бет Тағдырмен бетпе - бет
Хабар жоқ саған кеткен елшілерден, Ей, Тағдыр! Сөйлесейік, келші бермен. Қаншама соқпақтарға бастасаң да, Сенімен сөйлесуді ерсі көрмен.
Түркістандағы тау Түркістандағы тау
Біздің елде, заманында әлем назар аударған Өзге түгіл өз ұлтынан шеттетілген таулар бар. Соның бірі сенің аға - қазағымның нар тауы Дәуірінің өр
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×