ойын сауық отауы
Жігерлендіру
12.04.2016 9 775 0 Дауыл

Жігерлендіру

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Жігерлендіру

Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп,
Жұртқа еткен жақсылығың.
Сен жыладың,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә, жә, жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға,
Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?!
Көтер қане басыңды, қалай бұның?!
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?!
Көтер қане басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің?
Тағдыр неге сыр айтты сары - ау,
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық - деп кім айтты саған?!
Кім айтты саға?!
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп.
Кім айтты саған?!
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп.
Қиналып бекер алаңдадың - ау,
Ойыңды шығар өріске!
Өзің - ақ айтшы, ғаламда мынау,
Жетудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше.

Сұлу терек - Сәкен Сейфуллин Сұлу терек - Сәкен Сейфуллин
Кербезісің маңызданған, сұлу терек! Орандың желбіреген жасыл желек. Тұрасың ырғатылып такаббарсың, Басқа ағаш көрінбейді саған серік.
Табыңдар Табыңдар
Асан - Үсен екеуі Тату – тәтті дос еді Көңілдері қош еді, Екі қолы бос еді.
Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса
Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса, Аңсағанға қандай ем, сусын тапса?! Алыста жаяу қойшы көрініпті, Мөлдір бұлақ су іздеп келе жатса.
Тілектеске Тілектеске
Ей, бауырым! Көтерсеңші, көтерсеңші басыңды. Алатаудың асқарына күннің нұры шашылды. Қыз - тіршілік, міне тағы мойыныңа асылды, Асылды да саусағымен
Сорлы болған мұжық Сорлы болған мұжық
Болған соң кәсібі ұрлық, ұры залым Ұрлауға ұят дей ме жұрттың малын? Ойы арам, қаны қара, ол нағылсын, Біреуді зар жылатпақ, зор обалын!
Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп
Сен жыладың, жігітім, Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын, Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×