ойын сауық отауы
Тілектеске
12.05.2016 2 929 0 Дауыл

Тілектеске

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Ей, бауырым!
Көтерсеңші, көтерсеңші басыңды.
Алатаудың асқарына күннің нұры шашылды.
Қыз - тіршілік, міне тағы мойыныңа асылды,
Асылды да саусағымен сипағандай шашыңды.
Көтер басты,
Тұр орныңнан!
Терезеге қарашы.
Неткен тұнық, неткен қымбат жер мен көктің арасы
Неткен жақын бұл ғаламда адамзаттың баласы!
Бауырым - ау, жи күшіңді, терезеге қарашы.
Жата берме ауыр дертке, ауыр дертке бас ұрып,
... Әне біреу бара жатыр жұмысына асығып.
Автобустан қалып қойған және біреу, ашынып,
Әттең, әттең, айналайын көңлі қалды - ау басылып...
Қарашы, әне, аңдап басып, барады етіп қарт адам,
Ажары да, назары да, базары да тарқаған.
Қарт адамға қарсы келіп, сәлем берсе қарт Ана,
Ұзын - сонар бірдеңені айтып жатыр қарт оған.
Мына жолмен уайымсыз әлі талай өтерсің,
Шыға алмаған асуыңа, аман болсаң жетерсің.
Ей, Бауырым!
Ей, Бауырым, басыңды бір көтерші,
Мынау қызық дүниені қалай қиып кетерсің...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Жігерлендіру Жігерлендіру
Сен жыладың, жігітім, Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын, Қайтпады деп, Жұртқа еткен жақсылығың. Сен жыладың, Бір қатты соққы алдым деп, Бақытсыз
Қара шалғы Қара шалғы
Жетелеп сонау жылдар қара шалды, Қарасазда жүруші ең, қара шалғы. Қара шалғы ішінде қарт пен сенің, Талай - талай көріп ем тамашаңды.
Майданның бәйгесіне Майданның бәйгесіне
Қарасаздың су ішіп бұлағынан, Жүретұғын құлпырып құла құнан. Қылығы да, жұп - жұмыр мүсіні де, Аумайтұғын киіктің лағынан
Жүрек демін алғанда Жүрек демін алғанда
Сандалғаны - ай санамның сан бөлініп, Тамырымда тулайды қан желігіп. Бара жатыр көлшіктер көлге айналып, Бара жатыр төбелер тау көрініп.
Ей, Бауырым! Ей, Бауырым!
Ей, Бауырым! Heгe сонша сарғайдың? Қапалансам, менің - дағы бар қайғым. Мен жұртыма мұңымды емес, Жырымды, Қуанышым - шаттығымды арнаймын, Қайғы -
Барлығы да менікі Барлығы да менікі
Барлығы да менікі: Мына дәуір, мына өмір, Мынау аспан, мына күн. Мына мұхит, мына жер - Мына менің тұрағым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×