ойын сауық отауы
Махаббатты қорғау
12.04.2016 3 113 0 Дауыл

Махаббатты қорғау

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Махаббатты қорғау
Кiрiспе яки ғашықтар жазған хаттардан
I
Бiз екеумiз жолықтық,
Бipaқ тым кеш жолықтық,
Достасудан от тұтап, қоштасуға қорықтық.
Маған құйды жарығын сенiң көңiл - терезең,
Арқамызда - құзар шың,
Алдымызда - өр өзен.
Өр өзеннен өтуге кiм бередi қайықты,
Кiм бар бiздi түсiнер, қане, кiм бар байыпты?
Ал қайықшы - қиқар шал,
Жалынғанмен, не бiттi?
Қайығына қабаған итiн байлап кетiптi...
Япырай, бiз соншама дәрменсiз боп тудық па?
Бойымызда жоқ екен иттi алдайтын қулық та.

II
Көбелектiң "кеселi" -
Тұрақсыздық деседi.
Гүлден алған шапағатты ceзiмi
Келесi бip гүлге жетпей өшедi.
Өз мiнeзi өзiне үкiм кеседi...
Менiң саған айтпағым да осы едi!

III
Амал бар ма, махаббатқа жан пидалық ете алмадың,
Аққу - арман жалт бергенде, қуып көрдiң, жете алмадың.
Жете алмадың, көлеңкеңнен алыс ұзап кете алмадың,
Жанар майын жағып бiткен машинадай от алмадың.
Epкiң қайда,
Сертiң қайда, (бөркiң қайда, құрып қалғыр?)
Ең шешушi кез келгенде, тiлiң тiстеп тұрып қалдың.
Еңселiм деп ойлаушы едiм,
Еркелеушi ем ерге балап,
Ең шешушi кез келгенде тұрып қалдың жерге қарап.
Артық қорлық бар ма әлемде сенгенiңнен безiнуден,
Құлай сүйген адамыңның осалдығын сезiнуден...
Көз жасымды көрсетпеуге тырыстым мен саған бipaқ,
Сен деп шыққан сенiмiмнiң биiгiнен барам құлап.
Махаббатқа жан пидалық етпедiң бе,
Бәрi бекер!
Ендi қалған қызығыңның нарқы кемiп, мәнi кетер.
Өзiнiң ең қасиеттi әнiн қорғай алмаған жан -
Басқа icтe де қабiлетсiз... бағы мәңгi жанбаған жан.
Cipә, бағың жана қоймас, басқан iзiң кеттi кейiн,
Әйтсе де, мен жылап тұрып, жолың болсын деп тiлеймiн.

IV
Бақшадан алма ұрлаған баладай нақ
Кеудемде үркек сезiм салады ойнақ.
Отыздың орманында жүргенiмде
Алдымнан шықтың, айнам, ағатайлап.
Сен мендiк бар шаттықтың төресi ме ең,
Жүр едiм өткен шақтың елесiмен.
"Мұнда кел, мұнда кел" деп қол бұлғадың
Жиырманың көк балауса белесiнен.
Селк еттiм дауысыңнан шошығандай,
Жүр едiм өз мұңымды өшiре алмай.
Жиырмамда алдап кеткен махаббаттың
Kүнәciн әлi күнге кешiре алмай.
Сен болып қайта жанды - ау сағынышым,
Бәлкiм, тар маңдайымның бағымысың?!
Бәлкiм, сен менен қашқан махаббаттың
Ойланып қайта соққан шағымысың?!
Сол болсаң, қолыңды бер, жүр, қарағым,
Сен барған жерге мен де бip барамын.
Көл едiм тасымаған, тасыттың ғой,
Бақша едiм бағы тайған, гүлге орадың.
Кәнеки, жалыныңа жалға менi,
Күтiп тұр пәк махаббат, арман елi.
Өмiрде менi алдаған адамдар көп.
Тек қана сен алдаушы болма менi!

V
Ар алдында адал, ақпыз десек те,
Сан сұрақтар алар кейде жағадан.
Мүмкiн, бiздi таңар шулап өсекке,
Мүмкiн, бiздi түсiнбейдi көп адам.
Алуан ұғым алуан жаққа тартады,
Сан көңiлдiң тұйығына малтыдым.
Ғашық болып көрмегендер бар тағы,
Олар бiздi қайдан ұқсын, алтыным.
Көзiмдi алмай маздап жанған оттардан,
Саған сенем, Саған сенiм артамын.
Қорықпаймын түciнiгi жоқтардан,
Жүрегi жоқ адамдардан қорқамын!

Саматтың жұбайы Айжанармен жекпе-жек Саматтың жұбайы Айжанармен жекпе-жек
Замана тұр бөркiн алып ойланып, Сол түнгi ойлар кеттi бiздi қайда алып? ... Сол түнi бiз сенiң туған сiңлiңнiң Он ceгiзгe толған күнiн тойладық.
Отырар қаһармандығы немесе жеңiлген жеңiмпаз туралы дастан Отырар қаһармандығы немесе жеңiлген жеңiмпаз
Даңқың қайда төске өрлеген? Екi жүз мың әскерменен Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау, Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау
Дүйсенқұлға Дүйсенқұлға
Саудайы ай, сауды алмадың ау, сырқауды алып, Бір пәлеге жолықтың шырқау барып. Ала жаздай көгалды бір көрмедің, Сары жұртқа қондың ба ірге аударып?
Тәңірі Тәңірі
Зор Тәңірі, күштісің сен, сенеміз біз, Әділ деп, әр ісіңе көнеміз біз. Өз құлын өзі еңіретпес тура Ие деп, Өзіңе ерік тізгінін береміз біз.
Абай Құнанбаевтың өлеңі. Жүрегім, нені сезесің Абай Құнанбаевтың өлеңі. Жүрегім, нені сезесің
Жүрегім, нені сезесің, Сенен басқа жан жоқ па? Дүниені, көңілім, кезесің, Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!
Қанат Үмбетов - Сезімді қайтейін Қанат Үмбетов - Сезімді қайтейін
Нұр толы көзіңнен, Жылылық сезінген.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×