ойын сауық отауы
Кета балықтың ерлігі
13.04.2016 2 804 0 Дауыл

Кета балықтың ерлігі

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Кета балықтың ерлігі

Өріс ашқан сан кеме, сан қайыққа
Біздің сонау айтолқын Ақжайықта
Кета деген балық бар.
Уылдырық шашар кезде сол балық.
Қос жанары тұмандана толғанып,
Пәленбай күн жол жүріп,
Әбден шаршап болдырып,
Құлшына, жанып іштен,
Жан жүйесін сыздатқан сағынышпен,
Ұрпағына сенімді орын тапқанша,
Ешқайда қайырылмастан,
Бастапқы бағытынан айрылмастан,
Көзінде тек аналық арман ойнап,
Жүзеді екен үмітін алға байлап.
Ол анық сезінеді:
Табиғаттың тамаша кезеңінде
Сонау іңкәр Ақжайық өзенінде.
Жылдағыдай секіріп ойнамайтынын,
Жем іздеп шарламайтынын,
Жанарында жаз көркі жайнамайтынын.
Тереңге тепсіне бойламайтынын.
Амал қайсы бәрін де көрі керек,
Ұрпағы үшін оған да көну керек,
Кеталардың тағдыры қандай қатал,
Уылдырық шашқан соң өлу керек!
Бұл балық шынында да дара батыр,
Әне, оған жақын тұр заман ақыр.
Соның бәрін біледі ол,
Біле тұра,
Уылдырық шашуға бара жатыр.
Қалса бопты ұрпағы жалғасы боп,
Жалғасы боп,
Тірліктің арнасы боп,
Өзі өлген соң денесін шортан жесін,
Мұнда оның инедей шаруасы жоқ...
Әттең, шіркін, мүсінші болсам - ау мен,
Ұзақ түн кірпі кілмей толғатар ем.
Ұрпағы үшін жүрегі жырлап өткен,
Ұрпағы үшін өмірін құрбан еткен
Осындай алыптарға
Ғажайып бір ескерткіш орнатар ем...
Өмір мынау, толған дау, толған егес,
Ұрпақ жоқта тарланың тарлан емес,
Арманың арман емес.
Өйткені ұрпақ тағдырынан маңызды
Бізге дейін ештеңе болған емес,
Және бізден кейін де болмақ емес!!!

Бір көлдегі үш балық - Сәбит Дөнентаев Бір көлдегі үш балық - Сәбит Дөнентаев
Үштен артық балық жоқ, Маңайында халық жоқ, Көл болыпты бір жерде, Ерте күнде қыстаған,
Өмір туралы қанатты сөздер Өмір туралы қанатты сөздер
Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді.
Бақыт Бақыт
Бір күні балықшылар көл жағасында бір әпенді ер адамды кездестіріпті.
Қызылша мен балық салаты Қызылша мен балық салаты
Ең алдымен қызылша, картоп, сәбіз, жұмыртқаны қайнатып пісіріп алу керек.
Тамаша Тамаша
Тамаша той - думанмен таң атырса Сол кезде жаныңда әсем жан отырса Тамаша жексенбі күн көл басында Тұнықтан балық аулап бала отырса
Терінің саулығы Терінің саулығы
Терініңіз сау болсын десеңіз: Ағзада тұрақты су тепе - теңдігін сақталуы керек. Бір күні ішінде адам салмағына қарай 1 кг - ға шамамен 40 грамм ішу
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×