ойын сауық отауы
Арал қасіреті
13.04.2016 5 325 0 Дауыл

Арал қасіреті

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Арал қасіреті
Кемелер жүздірген шағылтып желкенін айға,
Тау толқын төсінде тербелген ерке күн қайда?
Қайда сол дәуренің тағдырдан күш-қуат сезген,
Шағала көктемнің дүркіреп ұшты ма көзден?

Қайырмасы:
Сенемін саған,
Тұрғанда аман
Адамдық күші, ой күші.
Аралым менің,
Жанарым менің,
Халқымның ұлы қайғысы.

Бұл өлке қалайша болады азап түнегі,
Ежелгі мұң - зарың аз ба еді, қазақтың елі?
Қайтемін, Аралым, бүгінде қалды сүлдерің,
Төзімі еліне ұқсаған көнбісім менің.

Аралым, күн туды басыңа дүрбелең – керең,
Кім ұқпақ, шалды, анау өзіңмен бірге өлем деген.
Безбүйрек ғасырың қағады қанатын үнсіз,
Бір жылда екі ұлын жоғалтқан ана тұр тілсіз.

Жүз дегеніміз орысша - лик, адамның бет жүзі Жүз дегеніміз орысша - лик, адамның бет жүзі
Жүз дегеніміз орысша - лик, адамның бет жүзі. Ұлы, орта, кіші емес. Старший, средний, младший емес! Ұлы деген сөз Великий болады. Дұрысы Ұлы жүз -
Көл жағасында Көл жағасында
Ай қарады көгілдір көл бетіне, Қыз қарады көлдегі келбетіне. Қосылды да, қос сәуле құшақтасты, Мөлдір толқын төсінде тербетіле.
Қазақ дастарқаны Қазақ дастарқаны
Сендерменен бір бастым шыңға қадам, Сендер барда келген жоқ мұң да маған. Далаң анау талдырған құс қанатын, Бабаң анау кеңдігін бұлдамаған.
Дана - Кешірмейсің сен неге? Дана - Кешірмейсің сен неге?
Айтшы неге алыстадың менен, Сөзің қайда біздің тілек бірге деген? Жүрегімді қинап, тағы да мұң сыйлап кеттің. Қанша ма күн сені, қанша ма күн сені
Жанарым Жанарым
Түспесін десең, егер сезімге кір, Жанарым, менің ылғи кезімде жүрі Жамандық көрсең менің қабағымнан, Жас болып төгіліп кет жанарымнан.
Azaliya - Өзіңмен бірге Azaliya - Өзіңмен бірге
Azaliya Өзіңмен бірге
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×