
Көл жағасында
Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев өлеңі
Ай қарады көгілдір көл бетіне,
Қыз қарады көлдегі келбетіне.
Қосылды да, қос сәуле құшақтасты,
Мөлдір толқын төсінде тербетіле.
Шоршып жүрген ақ шабақ тұнықтағы,
Қыздың көркін көрді әлде, тынып қалды.
Бала толқын, ай нұры, ерке балық,
Бірақ ару аңсарын түк ұқпады.
Қыз қозғалмай қадалып тұра берді,
Жылы сезім кеудеде туа берді.
Күтті ме екем, кім білсін, күтпеді ме,
Жеке қайық мүйістен шыға келді.
Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері
Ай қарады көгілдір көл бетіне,
Қыз қарады көлдегі келбетіне.
Қосылды да, қос сәуле құшақтасты,
Мөлдір толқын төсінде тербетіле.
Шоршып жүрген ақ шабақ тұнықтағы,
Қыздың көркін көрді әлде, тынып қалды.
Бала толқын, ай нұры, ерке балық,
Бірақ ару аңсарын түк ұқпады.
Қыз қозғалмай қадалып тұра берді,
Жылы сезім кеудеде туа берді.
Күтті ме екем, кім білсін, күтпеді ме,
Жеке қайық мүйістен шыға келді.
Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері

Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба, Қатығыңды түндегі шайқадың ба. Құлшынасың толқындар алып қашып, Құлаш ұрған баладай қайта ағынға.

«Жер жылыды, сен де жылы» дегендей, Күннің ыстық шұғыласына бөленбей, Қар астынан қылтияды бәйшешек, Тұрмақшы боп ешбір көзге еленбей.

Ұйқым қайда, құдай - ау, ұйқым қайда, Сыртта біреу жылай ма, сылқылдай ма, Көк теректер неліктен шулай қалды, Берілемін неліктен бір түрлі ойға.

Жалғыз қайың, сені көрсем, жабығам, Қайдағы бір өткенімді сағынам. Жалғыз тамшы жас жанардан төгілген, Жалғыз жапырақ ерте үзілген бағынан.

Атам ұстап асау тайды, тізгіндеп, Әкеп берді, мінсін бала біздің деп. Қарғып міндім, қыр көрсетіп достарға, Күнде мені жүретұғын жүз күндеп.

Қоңырқай күздің аспаны Бүркенді бұлтты қап - қара. Нажағай ойнай бастады – Маңайда, алыс жақта да.