ойын сауық отауы
Александр Дюма және Астархан алабы
01.03.2016 2 833 0 Дауыл

Александр Дюма және Астархан алабы

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Александр Дюма және Астархан алабы

Бір сәт шықпай ойынан
Бұйра толқын, Ақ жазық,
Атыраудың бойынан
Отыр Дюма хат жазып:
"Кітап болып ермегі,
Қанша білім игерсін,
Бірақ Дала көрмеген
Түк көрмедім дей берсін!
Армансыз бір демалып,
Аунау қандай жаз құмда.
Бақасындай Сенаның
Бықып жүрген қаз мұнда!
Салты бөлек басқа үйдің
Ерте тұрар,
Кеш жатып.
Жағасында Каспийдің
Салдық көбін қаусатып!
Киіз үйден жасаулы
Көз сүзеді үміттер.
Шалма тастап асауға,
Шіренеді жігіттер.
Жас балалар жарысар
Жайдақ мініп атыңа.
Алып келген алыстан
Қызығады затыңа...
Жүрек шіркін шерменде,
Жаттап сезім дәрісін.
Желігесің Көргенде
Желмаялар жарысын.
Түстім ұзақ, асықпай,
Басқұншақтың тұзына.
Көз жүгірттім
Асықпай
Қалмақтардың қызына.
Жатырқағыш қарағым,
Жат мінезден азатпын.
Қиылып - ақ қарадым
Қыздарына қазақтың!
Қалай қонақ сыйлайды
Сахараның сүйрігі!
Қос табаққа сыймайды
Қазақы қой құйрығы!
Ақсүйектер баяғы
Ас еместі ас депті.
Дәмін татқан жаяның
Жемес еді басқа етті!
Күн қызарып батады
Қызғылт нұрын шұбатып.
Жапан қалғып жатады
Жұтып алып шұбатын!
Көргенің жөн көзіңмен
Қолыңның бір босында.
Қырдың халқы сезінген
Қызық тірлік осында!
Кітап болып ермегі
Қанша білім игерсін,
Бірақ Дала көрмеген
Түк көрмедім дей берсін!"

Білім, ғылым туралы мақал - мәтелдер Білім, ғылым туралы мақал - мәтелдер
Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Көл жағасында Көл жағасында
Ай қарады көгілдір көл бетіне, Қыз қарады көлдегі келбетіне. Қосылды да, қос сәуле құшақтасты, Мөлдір толқын төсінде тербетіле.
Шабытты шақ Шабытты шақ
Жүрек пен жүйке егессін, Жыр көңіл сонда толғайды. Жынды деп жынды емессің, Жынды емес деуге болмайды.
Шәйір және шаруа Шәйір және шаруа
Жасырмаймын; Мен аса Шеттеу кетпей тегімнен, Шәйір болып тумасам, Шаруа болар едім мен.
Қазына Қазына
Америка ашқандай Аштық талай өңірді. Кедергісіз ешқандай Қаздық қанша көмірді!
Іргетас Іргетас
Шежіреміз қию - қию, Шырғалаң. Шырғалаңды ұқпай менің жүр балам. Жер үстінде бір шаһарым ер жетіп, Жер астында шөгіп жатыр бір қалам!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×