
Теңеу
Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли
Теңеу
Көздері қанығы
Күдіксіз таныды:
Бабамыз болыпты
Даланың балығы.
Сағымда жүзіпті,
Торларды үзіпті.
Тартыпты азапты
Көрсем деп қызықты.
Не кінә тағасың!
Не пәле жабасың!
Көріпті балық боп,
Тағдырдың табасын!
Мың құрбан,
Жүз құрбан,
Ұл құрбан,
Қыз құрбан.
Балықтай қуырған,
Қуырған,
Шыжғырған.
Қармақты қапқаны
Қызыл қан аққаны,
Қиналып жағада
Қанатын қаққаны.
Бабамның
Балық боп
Міне, осы тапқаны!
Теңеу
Көздері қанығы
Күдіксіз таныды:
Бабамыз болыпты
Даланың балығы.
Сағымда жүзіпті,
Торларды үзіпті.
Тартыпты азапты
Көрсем деп қызықты.
Не кінә тағасың!
Не пәле жабасың!
Көріпті балық боп,
Тағдырдың табасын!
Мың құрбан,
Жүз құрбан,
Ұл құрбан,
Қыз құрбан.
Балықтай қуырған,
Қуырған,
Шыжғырған.
Қармақты қапқаны
Қызыл қан аққаны,
Қиналып жағада
Қанатын қаққаны.
Бабамның
Балық боп
Міне, осы тапқаны!

Қазақстанда биыл оқу жылының басы 2 қыркүйекте басталатын болды.

А, Құдайым оңдасын, Оңдағанның белгісі, Қайырлы етіп басыңа. Бақ - береке орнасын.

Адам жаласынан, Бұлт аласынан, Көрінер - көрінбес Мың да бір пәлесінен Құдайым Өзі сақтасын!

Айттым сәлем, қалам қас, Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас.

Араладым біраз күн Еділдің саға өлкесін. Қазақты көрдім қуарған Жүк тасып, тескен желкесін.