ойын сауық отауы
Жігіт сөзі
03.04.2016 6 183 0 Дауыл

Жігіт сөзі

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Жігіт сөзі
Айттым сәлем, қалам қас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас.

Сенен артық жан тумас,
Туса туар – артылмас.
Бір өзіңнен басқаға
Ынтықтығым айтылмас.

Асыл адам айнымас,
Бір бетінен қайрылмас.
Көрмесем де, көрсем де,
Көңілім сенен айрылмас.

Көзім жатқа қарамас,
Жат та маған жарамас.
Тар төсекте төсіңді
Иіскер ме едім жалаңаш?

Иығымда сіздің шаш,
Айқаласып тай - талас,
Ләззат алсақ болмай ма,
Көз жұмулы, көңіл мас?

Сізде сымбат, бізде ықылас,
Осы сөзім бәрі рас.
Сіздей жардың жалғанда,
Қызығына жан тоймас.

Етің етке тигенде,
Демің тиіп сүйгенде,
Тән шымырлап, бой еріп,
Ішім оттай күйгенде.

Жүрек балқып игенде,
Ішкі сырды түйгенде,
Іздеп табар сұңқармын,
Жарастықты шүйгенде.

Қылығында жоқ оғат,
Қарап тойман жүз қабат.
Ыстық тартып барасың,
Бір сағаттан бір сағат.

Сіз – қырғауыл жез қанат,
Аш бетіңді, бері қарат.
Жақындай бер жуықтап,
Тамағыңнан аймалат!
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Онегиннің өлердегі сөзі Онегиннің өлердегі сөзі
Жарым жақсы киім киіп, Келді жанға жылы тиіп. Диуана болды бұл көңілім, Басылмай бір құшып, сүйіп.
Ленский сөзінен Ленский сөзінен
Барасың қайда, қайда болмай маған, Жас өмір алтын - күміс жарқылдаған. Келер күн келеді екен не дайындап, Қараңғы, қарағанмен болжай алман?
Қыз сөзі Қыз сөзі
Қиыстырып мақтайсыз, Ойласаң не таппайсыз? Бізде ерік жоқ, өзің біл, Әлде неге бастайсыз.
Сен мені не етесің? Сен мені не етесің?
Сен мені не етесің? Мені тастап, Өнер бастап Жайыңа Және алдап, Арбап, Өз бетіңмен сен кетесің.
Ерекше естен кетпес қызық қайда Ерекше естен кетпес қызық қайда
Ерекше естен кетпес қызық қайда? Жолығатын қыз қайда терең сайда? Сұлулығын қояйын, мінезі артық, Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда.
Абай Құнанбаевтың өлеңі. Жүрегім, нені сезесің Абай Құнанбаевтың өлеңі. Жүрегім, нені сезесің
Жүрегім, нені сезесің, Сенен басқа жан жоқ па? Дүниені, көңілім, кезесің, Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×