ойын сауық отауы
Аяз би
02.03.2016 3 829 0 Дауыл

Аяз би

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Аяз би
Аяз биім!
Аруағым, табынарым.
Ар мен ақыл - бас иіп, бағынарым.
Алдыменен сені ұғып,
Сені сыйлар
Маңдайына жазылған бағы бар ұл.
Мақтағанда талай дос,
Талай қасың,
Айналмаған, апыр - ай, қалай басың?!
Ойлап тапқан өзіңді дана халық
Деген шығар біздерді абайласын!
Пәлсафаны ең қымбат үлес көрген,
Парасаттым,
О бастан күрескер ме ең?!
0 Аяз би!
Білсе де сені жақсы,
Биігіне шыққан соң кім ескерген!
Көксеп кетсем ұсақты,
Кешір мені!
Көп жағдайды көңілден өшірмедім.
Ұмытады өскендер
Емтиханда
Кімнен қалай есепті көшіргенін!
Ұмытады барлығын ірім менің:
Балшық басып,
Балағын түрінгенін,
Тапсыра алмай
Бір емес,
Бірнеше рет
Зачет сайын мың өліп - тірілгенін!
Жоқ - ты өзінде соншалық мұрат биік.
Болатын - ды тіл алғыш,
Бірақ тұйық...
Ұмытады ол енді қыдырғанын
Жолдасының шалбарын сұрап киіп.
Ұмытады қазанды қырғанын да,
Ыңғайпаз деп әкенің ұрғанын да!
Ұмытады достардан қарыз алып,
Пәтер жалдап біраз жыл тұрғанын да!
Сырларым бар осыдан түйген менің:
Өсу үшін ол түктен именбеді...
Енді, міне, ұмытады
Бір мықтының
Қайтып келген қызына үйленгенін!
Көміп кеткен тәрізді арды құмға,
Ұмытқан ол ерлердің нарлығын да!
Бригадир,
Нұсқаушы болған кезін
Бәрін, бәрін ұмытқан,
Барлығын да!
Емес енді бүгінде осал аға
Пысқырмайды киіз үй,
Шошалаға.
Сен сияқты,
Аяз би,
Көн шоқайын
Іліп қойса болмай ма босағаға!
Сен, Аяз би, жемісі даналықтың,
Ойлап тапқан өзіңді
Дала мықты.
Кемеңгерлік бейнесін қайдан алмақ
Өзі сондай болмаса со халықтың?!

Кешір, мені! Кешір, мені!
Жеңдіре алмай ақылға ашуымды, Әбжыландай шашыппын, рас, уымды. Енді сені көргенде қыпылықтап, Бой көрсетпей, қарашы, қашуымды.
Менің соңғы хатым... Менің соңғы хатым...
Сені сағынудан шаршадым Бұдан былай хат жазбаймын Уәде беремін мына менің соңғы хатым
Баласын сағынған ана Баласын сағынған ана
Айналайын, жан балам! Бұл хатты саған жазар ма едім, жазбас па едім? Бірақ, денемнен бөлініп шыққан бөлшегім емессің бе? Сағынбайды дейсің бе? Мұны
Қаладағы қартайған ат Қаладағы қартайған ат
Баяғыдан, әрине, бағасы кем, Байланысы жоқ енді даласымен Бір кездегі белгілі ат Бара жатыр Тық - тық шертіп асфальтты тағасымен.
Халық Халық
Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден" Ә дегеннен ғибрат алып келем. Ұлттар үшін Жүз томдық жыр сездігі Ұлы сөзден басталар ХАЛЫҚ деген.
Ашанти, Әмхара мақал-мәтелдерінен Ашанти, Әмхара мақал-мәтелдерінен
Отыз жыл қисық өскен ағаш бір жылда түзелмейді. Қоқаңдаған қораз қырғи барын ұмытады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×