ойын сауық отауы
Көктем
02.03.2016 6 641 0 Дауыл

Көктем

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Көктем
Қарайып жарқабақтар күн ыстаған,
Қырдан қар төмен қарай жылыстаған.
Тосады жалпақ дала күнге жонын,
Денесін жазайын деп құрыстаған.
Ала бұлт аспанның бір қабатындай
Ақырын төмендейді қонатындай.
Күміс бу жер бауырлап козғалады.
Көктемнің ұшып келген қанатындай.
Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
Аймақтың көз жіберші келбетіне
Сансыз құс алуан ырғақ, алуан үнмен
Сайрайды гүлді көктем құрметіне.
Құрағы сырын шертіп қоғасына,
Сұлулық бітер көлдің жағасына.
Жаз келіп, көктем жылжып жүре берер
Інідей орын берген ағасына.

Көктем. Қасым Аманжолов Көктем. Қасым Аманжолов
Төбеден төнген аспан, күн мен айы, «Тамаша» жанға жайлы күн райы. Ақырын жылжып қана көктем келед, Сықылды жас жігіттің сәулетайы.
Көктем Көктем
Сансыз көкек сұңқылдап, Көктем келді ертелеп, Нәзік үнмен сыңқылдап, Бұйра бұлақ еркелеп.
Көктем келді гүл алып Көктем келді гүл алып
Балалар - ау, балалар! Шақырады далалар. Көктем келді гүл алып, Құстар келді жыр алып.
Көктемде Көктемде
Мына келген көктем бе?! Сүйісуде кептерлер. Көз ұшында, көк белде, Түйісуде көк пен жер.
Көктем де келер Көктем де келер
Көп кешікпей көктем де келер енді, Көгеретін тіршілік көгереді. Қу бұтағы арса - арса кәрі еменге, Келер көктем, білмеймін, не береді?
Біздің көктем Біздің көктем
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×