ойын сауық отауы
Арман
03.03.2016 3 636 0 Дауыл

Арман

Өлеңдер
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Арман
Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда,
Тал гүлдеп, шалғын өсіп, оңалғанда.
Көлбеңдеп көкорайда күрілдетіп,
Орақшы пішен шауып шөп алғанда.

«Бүлдірген, қарақатты тереміз» деп,
Қыз - келіншек сай - сайға жоғалғанда.
«Аулақта құмарымды қандырам» деп,
Асығы іздеп барар со барғанда.

Оларға тал – шымылдық, шалғын – төсек,
Басына жастық қылар томардан да.
Көз тойып, көңіл толмақ пендеде жоқ,
Болады айрылған соң со да арманда.

Адамды, санай берсең, көп арманда,
«Мінсіз бақ, сансыз дәулет» деп арманда.
Жанның бәрін жалмайтын күш те керек,
Айлакеске алдайтын еп арманда.

Ит пен қарға, шошқаға боқ арманда,
Мергенге түзу мылтық, оқ арманда.
Тамақсыз, табысы жоқ кәріптерге
Жалғыз күнгі тамақтың тоғы арманда.

Жалаңашқа киімнің жоғы арманда,
Тоңғанға отын менен шоқ арманда.
Талап қылса, табылар соның бәрі,
Мал жаусын ба оларға жоғарыдан да.

Жастық көксеп кемпір мен шал арманда,
Өсіп үлкен бола алмай бала арманда,
«Еркектей еркін өмір сүрмедік» деп,
Әйелдер де болады және арманда.

Тамам жанға бақ пенен мал арманда,
Ұрыға жүйрік аттың жалы арманда.
Жердің жүзін жесе де көзі тоймай,
Патшалар да болып жүр әлі арманда.

Кербезге киімінің сәні арманда,
Науқасқа жалғыз шыбын жаны арманда.
Кек қуған кер, ызақор, күншілдерге
Жұтатын дұспанының қаны арманда.

Бағаласам, адамның бәрі арманда,
Санай берсем, табылар сан арман да.
Өзі білмес, білгеннің тілін алмас,
Анық ойлап қарасам, әне, арманда.

Айнам қалды Айнам қалды
Өтеді - ау қай кезде де арманда қыз, Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз. Болмаса дүниеде сұлу қыздар Кейінге айтылатын қалмайды аңыз.
Желіден, бақыт іздеп жүрмісің? Желіден, бақыт іздеп жүрмісің?
Қадалып, телефонға қарадың, қой енді, шаршады ғой, жанарың...
Мен неге мінбедім Мен неге мінбедім
Отыр Өркен есептеп, Бөліп жүйе - жүйеге: «Мініп көрдім есекке, Мініп көрдім түйеге.
Біреу бай, біреу жарлы Біреу бай, біреу жарлы
Біреу бай, біреу төре, біреу жарлы, Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды. Атаңды жау шапқанда бірге шауып, Борсықтар семіріп жүр көміп арды.
Ормандағы оқиға Ормандағы оқиға
Көргендер де, Көрмеген де арманда, Ертеде бір той бопты, ұлым, орманда. Қоқиқаз да, қарақұс та, қыран да, Қара аю да, күшіген де, жылан да,
Болады деп арманда Болады деп арманда
- Ал енді мен ақыл айтам, Ақыл айтам, таңданба. Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге, Жалғанға. Мына өмірде, жүрегіңде, Бойыңда ыстық қан барда.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×