ойын сауық отауы
Ақындарға
04.03.2016 2 963 0 Дауыл

Ақындарға

Өлеңдер
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Ақындарға
Өлең айт дарын өрге өрлегендей,
Сезімді қозғап, тәтті ой кернегендей.
Жанды сөз бойды ерітіп, маужыратып,
Әлдилеп жыр бесігі тербегендей.

Қауымның қалауына тап келгендей,
Болғанын, болашағын айт көргендей.
Кірістен тартып жырды жебелі оқтай,
Дәл тигіз қалағанға қас мергендей.

Сүйсініп ақынға елі мән бергендей,
Өлеңмен өміріне сән бергендей.
Қадалып жүрегіне ақ қанжардай,
Оятсын бойкүйезді жан бергендей.

Ерікті билеп алсын айтылған жыр,
Сырты – гүл, жарасымды, ішінде сыр.
Жаныңның ләззат алар жарығындай,
Мәңгілік өшпейтұғын төгілсін нұр.

Үйіріліп көкейіне ұйып жатсын,
Тазартып жүрек кірін жуып жатсын.
Қаңсыған шөл даланы қанықтырып,
Жыр тасып, дариядай құйып жатсын.

Арыңның болсын өлең айнасындай,
Көрікті, көптің ортақ пайдасындай.
Жосылып жатсын артта жортқан жолы,
Арынды асқақ өзеннің арнасындай.

Сыпайылық туралы мақал-мәтелдер Сыпайылық туралы мақал-мәтелдер
Сыпайылық жоқ жерде, Сыйласу да жоқ.
Қайда жүрсең қанатты бол! Қайда жүрсең қанатты бол!
Тұнып жатсын төңірегің, Төрт түлікпен дүбірлі боп, Думандасын аспан - көгің Үбірлі боп, шүбірлі боп, Лебіздерің қабыл болып, Қайда жүрсең қанатты бол.
Мен жалындап өтемін Мен жалындап өтемін
қариялардың қимайтын жас шағы болып, балапандардың талпынар асқары болып, ару қыздардың аңсаған арманы болып, асқақ жандардың алаулы таңдары болып;
«Таң» журналына жаңа әнмен байғазы «Таң» журналына жаңа әнмен байғазы
Жаңа ойдан шығарған бір бөлек бұл ән, Жақсы үнді, ұғымды жас керек бұған. Толға, шырқа байқап жас жүрек. Әншілерден сол тілек.
Құлақтан кіріп, бойды алар Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй.
Сүй жан сәулем Сүй жан сәулем
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да! Жылы, тәтті у тарады қаныма. Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін, Патша тағы, бүкіл дүние малына.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×