ойын сауық отауы
«Таң» журналына жаңа әнмен байғазы
03.03.2016 2 020 0 Дауыл

«Таң» журналына жаңа әнмен байғазы

Өлеңдер
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

«Таң» журналына жаңа әнмен байғазы
Жаңа ойдан
шығарған
бір бөлек бұл ән,
Жақсы үнді,
ұғымды
жас керек бұған.
Толға, шырқа байқап жас жүрек.
Әншілерден сол тілек.

Жорғалат,
Сорғалат,
Мұңдандырып, тамылжытып сал.
Бойды еріт,
Ой кеңіт,
Әсер беріп, тыңшы жанын билеп ал!

Бос айғай,
құр ойбай –
ән деме, ойла,
Тұз - дәмсіз,
түк нәрсіз
ас жеме тойда.
Жасық еттен қандай пайда бар,
Болмас онда тәтті нәр.

Ұйқасты,
Сипатты
Ішкі сырлы жырыңды әнге қос,
Сөзі – жан,
Әні – тән,
Жарасымды болса, тыңдар оны дос.

Жыршылар
Ән салар,
Толғанып ойдан.
Мұңлы зар
Қозғалар
Байқалып бойдан.
Жаныңнан бір майда сыр шығар.
Сезімі ояу оны ұғар.

Тіл билеп,
Үн күйлеп,
Суреттесе өмір жайын ән,
Мұңлатса,
Шырқатса,
Ентелетсе, оянбай ма өлген жан?

Жаңа әнім –
Байғазым,
Құттықтап журнал,
Кәрі жан,
Салып ән,
Жыбырлап қозғал.
Алдынан шық майда ән сала,
Қабыл алсын жас бала.

Домбыра ал,
Әнге сал,
Шілдехана күзет енді сен.
Ержетсін,
Тербетсін
Елді жаңа, нұрлы, әсерлі сөзімен.

Толқынға,
Құлқынға
Соқпас бұл жас.
Зорлықтан,
Қорлықтан
Тоқтасын жолдас.
Еркіндікпен өсіп көп жаса,
Ел қамыңды ойласа.

Қаламды,
Табанды
Жастар, жатпай жақсы сөзді жаз,
Емделмей,
Жөнделмей,
Басын ашпай, сорлы еліңді қылма таз.

Тілменен,
Пұлменен
Көмектеп, қолда,
Әр бойға
Соны ойла,
Сараң болма.
Жәрдеміңнен жасқа толар ол.
Адасқанға табар жол.

Болма қор,
Үміт зор,
Хат білгенің алып оқы, бар.
Көксеген,
Жетпеген
Ойың сенің үйренеді талай зар.

АҚШ - тың Ресейге салған санкциялары теңгенің құнсыздануына себеп болуы мүмкін. АҚШ - тың Ресейге салған санкциялары теңгенің
Алдағы уақытта да доллар құны тоқтаусыз өсе беретін сыңайлы. Бұған арзан мұнайдан бөлек, АҚШ - тың Ресейге салып жатқан жаңа санкциялары себеп
Таң журналына тағы бір әнмен байғазы Таң журналына тағы бір әнмен байғазы
Кейіме, кәрі жан, Өмірің тозғанға, Оянып ұйқыдан, Әнге сал қозғал да. Жаңа тілек, жарық таң атты, міне, Байғазы қада сен мынау жас журналға.
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жамылған ақ мамық ұлпа қар Нұрлы да кең байтақ Отаным. Бала жоқ сыйлықтан құр қалар, Сыйлығы көп Аяз Атаның.
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек, Бұған ұйқасты өлең, сөз керек Өзіне орайлы. Денең жан нұрлы болса, жөнделмек, Өлең әнге өлшеп айтса, өңделмек, Ұйқасса
Ақындарға Ақындарға
Өлең айт дарын өрге өрлегендей, Сезімді қозғап, тәтті ой кернегендей. Жанды сөз бойды ерітіп, маужыратып, Әлдилеп жыр бесігі тербегендей.
Шілдехана Шілдехана
Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той, шілдеханаға арнайы шақырумен де, шақырусыз да келе береді. Бұл тойда «Балаңыздың» бауы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×