ойын сауық отауы
Достыңыз зор, дұспаның қор
05.03.2016 2 120 0 Дауыл

Достыңыз зор, дұспаның қор

Өлеңдер
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Достыңыз зор, дұспаның қор...
Достыңыз зор,
дұспаның қор,
Бар тiлекке жетсеңiз.
Сансыз бақыт,
алтын тақыт,
Барша жаннан өтсеңiз.

Қалса уайым,
болса дайын,
Ненi талап етсеңiз.
Бәрi қайда,
несi пайда,
Түк ала алмай кетсеңiз.

Дүние қу –
бiр ағын су,
Түстiк онда шөп болып,
Күнде ағамыз,
сандаламыз,
Бейнетiмiз көп болып.

Кейде тасқа
кейде ағашқа
Соқтығамыз дөп келiп.
Суынан да‚
уынан да
Құтыларымыз жоқ болып.

Дүние ағып,
сусыл қағып,
Фәни көлге құйылар.
Бiрi ерте‚
бiрi кешке
Шөп те келiп жиылар.

Көлге барып,
тыным алып,
Бәрi сонда жиылар.
Алды тыныс,
болды тыныш,
Су ағыны тыйылар.

Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым
«Ажал жетсе, өлдiң бе, Өлiм келдi, көрдiң бе? Баянсызға салынба»‚ – Десе, тоқтау бердiң бе?
Бұл кездегі діндердің бәрі – нашар Бұл кездегі діндердің бәрі – нашар
Бұл кездегi дiндердiң бәрi – нашар, Ешбiрi түзу емес көңiл ашар. Өңкей алдау, жалғанды дiнiм дейдi, Тексерсең, ойың түгiл жаның сасар.
Бояулы суыр Бояулы суыр
Бiр суыр адасыпты оттап жүрiп, Кез болды бiр ауылға көп қаңғырып. Ит қуалап тыққан соң иесiз үйге, Бояу толы шелекке кеттi кiрiп.
Анық пен танық Анық пен танық
Ойлаңыз, ақыл - бiлiм қайда болмақ, Денеде қандай орын - жайда болмақ? Бiлу, нану, ұнату – ақыл ici, Қайтсе зиян, қайткенде пайда болмақ?
Адам немене? Адам немене?
Бiлiмдiлер сөз жазып, зарлағанда, Ой кезiп, жердiң жүзiн шарлағанда, Алдаусыз адам өмiрiн түзетерлiк Әдiлет, ынсап, мейiрiм бар ма адамда?
Қазақ қалпы Қазақ қалпы
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған, Сахара көлге қонып салқындаған. Бір өртке қаудан шыққан душар болып, Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×