ойын сауық отауы
Жеңеше
01.06.2016 2 530 0 Дауыл

Жеңеше

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Жеңеше
Әсимаға
Ауылдың сол бір - кезі - ай самала күн.
Жасаңмын, көңілім шат. Дала жаным.
Бетіме шаң тигізбей жүруші еді
қырандай қайран менің ағаларым.

Бұл өмір өтеді екен тәтті мұңдай,
сол жылдар бүгін бізге жат ғұмырдай.
Ең алғаш ағам сізді әкелгенде
көркем ең айдын көлдің аққуындай!

Атамыз біздің елдің көсемі еді,
дес бермес көркем сөзге шешен еді.
Атаға жаққан келін өзің болдың
көңілін табу қиын десе де елі.

Алтынды ұстай білсең биік, қымбат,
өзіңді аялады ел сүйіп, бұлдап.
Талғампаз Әз - атам да отыратын
сен тартқан "Байжұманы" ұйып тыңдап.

Ақылды келін — үйдің күні күлген,
от басын жарқыратар нұры бірден.
Алғысын алдың ауыл қарттарының
ісіңмен, ізетіңмен, қылығыңмен.

Шерткенде домбыраны сіз бір дарын,
ақ көңіл, жарқыраған жұлдыз жаның,
ошағын ағамыздың өшірмедің
жеткізіп алтын тұяқ ұл - қыздарын.

"Жеңеше, қойшы маған ғажап ат!"— деп,
кешірдің, еркелесек мазалап кеп.
Ұлыңды ел таниды бұл күндері
халқына тірек болар азамат деп.

Жеңеше, шалқи берсін бақ талабың,
өзіңе жетсін алыс жақтан әнім.
Ай көрік жеңгелерім осындай деп
мен жұртқа мақтанамын!

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау

Келіндер жайлы мақал-мәтелдер Келіндер жайлы мақал-мәтелдер
Келіндер жайлы мақал-мәтелдер Келін жақсы болса немере тәтті Әр елден келін келер, Әр түрлі ырым етер.
Екеу - ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай Екеу - ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай
Екеу - ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай. Сен Күншығыс, мен бейне Күнбатыстай. Бұл үнсіздік қанша күн өмір сүрмек, жүруші ек қой қайғы да, мұң да құшпай.
Жас келін Жас келін
Жаңа түскен жас келін, Кемпірлерге ас келін. Орамал - шаршы бермесе, Абұйырсыз тас келін.
Әкені қызының құттықтауы Әкені қызының құттықтауы
Таниды әр кез жан-жүрекпен кісіні ел, Әке, сізді бүгін бәрі түсінер. Құрдас десе сізді тұстастарыңыз, Аға дейді сізді барлық кішілер. Қалдыратын
Бәрінен де сен әдемі жеңгесің Бәрінен де сен әдемі жеңгесің
Арнап кетпей гүл - өмірдің жатқа әнін, Біздің үйдің босағасын аттадың. Сондықтан сен ең әдемі жеңгесің, Өзің де әр кез сол қалпыңды сақтадың.
Ұйықтасын тыныш сәбилер Ұйықтасын тыныш сәбилер
Ұйқыда ғалам... Ұйқыда далам, Отырмын сені әлдилеп. Кішкентай адам, ең қымбат маған - Ұйықтасын тыныш сәбилер! Айымсың әппақ, өзің - күн, жұлдыз, Тәп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×