ойын сауық отауы
Екеу - ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай
01.02.2016 1 615 0 Дауыл

Екеу - ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Екеу - ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай.
Сен Күншығыс, мен бейне Күнбатыстай.
Бұл үнсіздік қанша күн өмір сүрмек,
жүруші ек қой қайғы да, мұң да құшпай.
Неге, неге осынша алыстадық,
өліп - өшкен жүректі жаныштадық?
Сен отырсың жігіттік өрлігіңмен
иілуге алдымда намыстанып.
Менде ме деп бар кінә, мұңға баттым,
құптамаппын бас иіп, тыңдамаппын.
Көтергендей аспанды мен де отырмын,
нәзік жыныстығымды бұлдап - ақ тым.
Қойшы, жаным, пайда не бұдан ұтқан,
жүдеу тартты дүние, құлазып маң.
Біз екеуіміз "сыймаймыз", несіне онда
татулықты күтеміз мына жұрттан...

Мен онымен қай кезде көрісемін Мен онымен қай кезде көрісемін
Мен онымен қай кезде көрісемін? Қашан? Қашан? Айтшы сен соны, сенім?
Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын
Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын? Ілінген бе мойныма тұмардай мұң? Қайда барсам, сумаңдап шығады алдан шұбарлана ысылдап жылан - қайғым.
Сағына түссін дедің бе Сағына түссін дедің бе
Жүректі тербеп бал сезім, қоштастым сонда дірілдеп. Аузымнан шықпай бар сөзім, ішімнен тұрдым "күнім" деп.
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем Сен үшін сонау алыстардағы елес ем
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем, осынша мені арман қып келдің неге сен. «Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой» демесең, мен саған ғашық
Бір сезім жанарыңда елжіреген Бір сезім жанарыңда елжіреген
Бір сезім жанарыңда елжіреген жанымды тұңғыш рет дір еткізді. Басармын сол дірілді енді немен бір арман кернегендей жүректі ізгі.
Жеңеше Жеңеше
Ауылдың сол бір - кезі - ай самала күн. Жасаңмын, көңілім шат. Дала жаным. Бетіме шаң тигізбей жүруші еді қырандай қайран менің ағаларым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×