ойын сауық отауы
Өлең жазам өзімше данышпансып
02.06.2016 1 695 0 Дауыл

Өлең жазам өзімше данышпансып

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Өлең жазам өзімше данышпансып,
жандай менен басқаға намыс таңсық.
Жарамаймын сүйтсем де құлап жатқан
саз - балшықтан алуға танысты аршып.
Теңдесі жоқ ойшылмын, сөзім - дана,
"ұсақталма, - айтарым, - төзім жама!"
Басқаға ақыл беруде, сын тағуда
менен мырза адам жоқ - өзім ғана!
Жүрсем деймін жұрт жетпес бағаны алып,
қарсы келмес өмірде маған анық
біреулерді жинап ап айналама,
көсем болып отырам дараланып.
Ұнағым кеп тұрады көпке менің,
сезгіш, сырбаз ортаға беттемедім.
Ойы терең, дана ақыл жанар көрсем,
құтым қашып, ішімнен жек көремін.
Салмақтымын - қопарсын неше сең кеп,
маған жақын жүргендер есесі өрлеп.
Көмей көргіш ортада жақ ашпаймын
талғап айтар дана адам десе екен деп.
Өкпелімін халқыма жүрмей түйреп:
мен секілді тұлғаны Күндей сирек
тас төбеңе шығарып хан көтеріп,
тайраңдатып қоюды білмейсің деп.
Көре тұра жандарды еңбегі шың,
кердеңдеймін еректей елден ісім.
Қалу үшін Адам боп, өз кеудемнің
менмендігін баса алсам - сол жеңісім!

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау

Маған соққан самал жел, басқаға да соғады, Маған соққан самал жел, басқаға да соғады,
Маған соққан самал жел, басқаға да соғады, Маған келіп бақ қонса, басқаға да қонады, Мендегі бар ұлылық, басқаларда болады, Қандай ғана қақым бар,
Ақ мамам Ақ мамам
Еркелесем, күлімдейтін, ұрысқаны білінбейтін. Маңдайымнан иіскеп менің, «Құлыншағым, күнім!»- дейтін
Шыдам Шыдам
Бұл адамдар шыдап жүр қалай маған? Сырбаздықты әдетте қалайды адам. Шындықты айтар шыдамсыз болмысымнан зардап шегіп жүргендей бар айналам.
Жұрт мені қатал дейді Жұрт мені қатал дейді
Жұрт мені қатал дейді найзағайдай мінезі шатырлаған, біреулері айтады ақыл маған: өркөкірек, тәкаппар, менменсіген...
Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай
Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай, жанарыма, жаныма мұң қамалмай. Жақтырмайды біреулер, менің үнім желкесін тырнағандай.
Жырлар жазам Жырлар жазам
Жырлар жазам, Алайда ол кімге керек?! Жанға шипа іздеймін, тілге дерек. Мәжнүн болып барамын күннен - күнге, Сау жандардан саяқсып, жүрген ерек.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×