ойын сауық отауы
Жырлар жазам
08.05.2016 2 068 0 Дауыл

Жырлар жазам

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Жырлар жазам,
Алайда ол кімге керек?!
Жанға шипа іздеймін, тілге дерек.
Мәжнүн болып барамын күннен - күнге,
Сау жандардан саяқсып, жүрген ерек.
Жырлар жазам,
Білмеймін не берерін,
Көгерерін білмеймін, тек өлерін.
Күйінішін халқымның, сүйінішін,
Өз үнімен жырласам деген едім.
Кімге дәрі бар сыры қара бастың
Өзім ғана өзіммен жағаластым.
Қапелімде ой айдап, қиял қуып,
Барса келмес сапарға араластым.
Барса келмес сапарға араластым,
Енді артыма бұрылып қарамаспын.
Жырлар жазам, дерімді деп өлемін,
Қарсы алдында тұрсам да дар ағаштың.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өлең жазам өзімше данышпансып Өлең жазам өзімше данышпансып
Өлең жазам өзімше данышпансып, жандай менен басқаға намыс таңсық. Жарамаймын сүйтсем де құлап жатқан саз - балшықтан алуға танысты аршып.
Өлең керек Өлең керек
Сая болып жаныңа емен, терек, Жетер енді жатқаның көлеңкелеп. Өгейсінбей өзі боп қалу үшін, Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!
Қайырымды қарындас Қайырымды қарындас
Meн бұларды білмейтінмін, Білмейтінмін тегін де, Бұйырса бір дастан жазам қарындастар жөнінде Тіршіліктің бар шипасын барлық жанға егуде
Шеше, сен бақыттысың Шеше, сен бақыттысың
Шеше, Сен бақыттысың! Жыламағын. Жай түсіп жатқанда да құламадың. Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның, Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Тағы да Майгүлге Тағы да Майгүлге
Қайтсем сенің құтылам елесіңнен?! Отырасың қасыма келесің де. Сен өлгенсің, жаным - ау, мен тірімін, Мен тірімін.
Күн ауысып барады Күн ауысып барады
Күн ауысып барады түнге қарай, Шығыста - кеш, Батысқа - кірген арай. Күн шыққан жерден әркез түн келеді, Маған солай, білмеймін, кімге қалай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×