ойын сауық отауы
Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай...
03.06.2016 1 519 0 Дауыл

Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай...

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай,
Батпан зілдер бассада жүр тарылмай.
Шідірлеулі көңілді зулат, жырым,
Баяғының құс қанат тұлпарындай.

Елтімейді қалғыған шаққа жаным,
Ұмтылыста жүйткуде бақ талабым.
Талма шақта, талықсып кетсем жырым,
Сен қақырат мəңгілік қақпаларын.

Жол - дария тұрмайды ағын ұрмай,
Жоғалма, жыр, жылдарға тамырың жай.
Дəуірлердің дауылы дақ салмаған
Ата - мұра қобыздың сарынындай.

Жүрек жазбай жұптасқан ғұмырласым,
Жыр - əуезім суарған мұңым, жасым
Ойсыздықтан өрекпіп, тойғандардың
Құлағына қайғы боп ызыңдасын.

Рақат түн, дырду мен дабыр қағып,
Жазылған жыр жүректің шамын жағып.
Елдігі мен ерлігі қалғығанды
Аттан салып оятсын дабыл қағып.

Дүниеден іздеумен нұрлы бесін
Талпыныстан танбаған жыр - күресім.
Адамдық пен адалдық семсеріндей
Жағымпаздың ту сыртын тілгілесін.

Зула, менің жыр - күймем шабыт жегіп,
Жер бетіне ғұмырлы жарық беріп,
Жүректердің құрсауын ағыт келіп,
Зорлықтардың зардабын шеккендерге,
Əділеттен сыбаға алып беріп!

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау

Мен тағы да ғашықпын Мен тағы да ғашықпын
Мен тағы да ғашықпын! Мына Құдай жүрсін дей ме ғұмырда мұңы арылмай, сезіну мен сезуден жосаланған жүрегімді келеді сынап ұдай.
Шаттану Шаттану
Сай - саладан шаттық пен күлкі ағылып, сыңғыр қағып бұлақтар, қырқа жібіп, "Қыстың сызы қалмаған жазғытұрым" келді міне бізге де гүл тағынып.
Өзімді таныстыру Өзімді таныстыру
Түркістан - Ата жұртым, дала - жаным. Даламды жұпыны деп қарамағын: Пасауи, дәдем Қорқыт, Арыстанбаб - киелі жатыр мұнда бабаларым - әрқайсы алтын
Құлыншағым, сөйледің! Шықты - ау тілің Құлыншағым, сөйледің! Шықты - ау тілің
Құлыншағым, сөйледің! Шықты - ау тілің! Жарығым, құйттай күнім! Тіліңдегі "ападан" басқасын мен, айым – ау, ұқпай тұрым!
Сал - сал жырым Сал - сал жырым
Сал - сал жырым, сал жырым, Ағытыл, алтын сандығым. Сен бар жерде баймын да, Сен жоқ жерде жарлымын.
Өмір Өмір
Мана көкті қаптап еді қара бұлт, Күн күркіреп қорқытып, ұшырып құт: Көк тұнжырап мұңайып, қабақ жауып, Көз ашқанда аспанда жарқылдап от.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×