ойын сауық отауы
Шаттану
06.05.2016 1 624 0 Дауыл

Шаттану

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Сай - саладан шаттық пен күлкі ағылып,
сыңғыр қағып бұлақтар, қырқа жібіп,
"Қыстың сызы қалмаған жазғытұрым"
келді міне бізге де гүл тағынып.
Жайнады аспан көзіндей келіншектің,
көкірегін қымтаған бұлт арылып,
қыз - көңілде әуендей шырқады үміт.
Шаршаулы едім, келдің бе, нұр көктемім!
Гүл - шарқатқа орадың қыр бөктерін.
Шуағыңа анамның көңіліндей
малынғанда қиялым жүрдек менің.
Көктеменің арайлы таңы атқанда
көрдім талай жанардан мұң кеткенін,
көңілдерді қайта бір гүлдеткенін.
Ағытқандай кеудеден жыр бұлағын,
шалқып - тасып шаттықтан тұрды жаным.
Жүр даланы еңбекпен дүбірлетіп
ақ білегін сыбанған құрбыларым -
Міне менің елімнің арулары
көмейінен төгетін бұлбұл әнін!
Шаттық шуақ тарайды бүгін менен,
қызыққан жат қарайды дірілменен.
Ақ жаулықты әжелер барады әне
немересін жетелеп күлімдеген.
Жел өтінде - қазақтың қең даласы,
сен не деген көнбіс ең, ғұмырлы ел ең -
талай қиқу көрсе де түңілмеген.
Ана көңіл ақпейіл дала - мұрам
үміт - ұшқын шашырап жанарынан...
бабалардың айбынды дүбіріндей
өрен ұрпақ әлемге салады ұран...
Көңілдер де шарықтап шартарапқа,
қияларга самғады бала қыран.
Буындары бусанып кәрі жердің,
анасына күлімдеп қарады ұлан.
... Кернер ме екен әлемді жаңа бір ән?!.

Көктем. Қасым Аманжолов Көктем. Қасым Аманжолов
Төбеден төнген аспан, күн мен айы, «Тамаша» жанға жайлы күн райы. Ақырын жылжып қана көктем келед, Сықылды жас жігіттің сәулетайы.
Сағынып оралар ма ем Сағынып оралар ма ем
Сағынып оралар ма ем алыс жолдан жеткенше асық болып, сен бар - ау деп шаттықтан тасып - толып, дүниеде көзіне басқаны ілмей,
Келеді еріншек түн Келеді еріншек түн
Келеді еріншек түн. Жасыл құрақ. Үн де жоқ жағада түк. Көл мөлдіреп көзіндей келіншектің, жанарына аспанды паналатып,
Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай... Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай...
Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай, Батпан зілдер бассада жүр тарылмай. Шідірлеулі көңілді зулат, жырым, Баяғының құс қанат тұлпарындай.
Тойдағы ата - ананың тілегі Тойдағы ата - ананың тілегі
Қос бұлақ еді, бір өзенде қосылды, Сол шаттықтан көңіліміз тасынды. Бүгін, міне, біздің перзенттерге де Жаңа өмірдің бақ есігі ашылды. Жастық шақтан
Қызының анасына құттықтау тілегі Қызының анасына құттықтау тілегі
Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн, Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың. Мама, өйткені бүгінгі күн сен үшін Ақ тілектер тасқындайтын туған күн. Шын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×