ойын сауық отауы
Мына Жердің күшін - ай
01.02.2016 1 435 0 Дауыл

Мына Жердің күшін - ай

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Мына Жердің күшін - ай!
Әулие екен Ньютон дегендерің.
Тартылыстар талқысын жеңем дедім,
жердегінің бәрінен жырақ кетіп,
отауына аспанның енем дедім.
Енем дедім биіктік әлеміне.
Құпиялар сырына жетем дедім,
кезем дедім жан, жүрек мекендерін.
Өз жанымның сырларын аша алмасам,
ғұмырым да жердегі бекер менің!
Кешкім келген тұп - тұнық нұрды кілең,
мөлдірлік деп мен жалғыз Күнді білем.
Шарттылықтар заңымен сыйыса алмай,
қағидалар қамалын сындырып ем,
бірақ мені бәрібір Жер өзінің
арқандады ғашықтық шылбырымен.
Қасиеттер қалмаған сыйынғандай
жерде өмір сүру де қиын қандай!
Рахатқа бату да мүмкін емес,
күн жайлаған межелі қиырды алмай.
Өтсем деп ем сананың саясында
жақсы көрмей, жек көрмей, күйіп - жанбай.
Шарасыздан шаршаған дертті жаным,
тоздыруға шақ жүрмін кек қынабын.
Жерде ғұмыр кешуің қиын кейде
көріп тұрып арсыз бен епті барын.
Бірақ тағы ғашық боп тұрмын бүгін -
жердің балдай азабын шекті жаным,
көтеріле беріп ем, мен бәрібір
қара жерге қайтадан кеп құладым!

Сүйіпсің мені... Сүйіпсің мені...
Сүйіпсің мені, Мен,- дедім,- неткен бақытты ер, Арнапсың жаухар жырыңды "маржан - жақұт", дер. Өмірімді ойран еткен опасыз бір жан бар, Көңілімді
Жан мен тән - Сәбит Дөнентаев Жан мен тән - Сәбит Дөнентаев
«Қанша жыл жолдас болып келіп едім, Көңілімді бір мінезің қарайтады»
Көгалды алаң Көгалды алаң
Көгалды алаң. Сүт сәуле қырды басқан, біз отырмыз жанардан арман ұшып. Еленбейтін бұрынғы жұлдыз, аспан - бәріне таңданысып.
Өзімді жүрегіңнің есі қылдың Өзімді жүрегіңнің есі қылдың
Өзімді жүрегіңнің есі қылдың, бұл жайды, амалым не, кеш ұғындым. Өзіңді мен де оңаша қиялдадым, жаным деп жүрегімнен күй арнадым.
Сен бе едің? Сен бе едің?
Көтерілмей жүргенде еңсем менің, Армандадым, біреуді көрсем дедім. Біреу маған алыстан қолын созған, Қолын созған қамқоршым, сол сен бе ёдің?
Жаным - ай! Жаным - ай!
Жаным - ай! Жабықтырма, жабықтырма, Құмар ғып, көп нәрсеге зарықтырма, Жырымнан тарықтырма, тарықтырма. Жаным - ай, неткен қиын өмір деген!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×