ойын сауық отауы
Жан мен тән - Сәбит Дөнентаев
05.03.2019 1 403 0 Дауыл

Жан мен тән - Сәбит Дөнентаев

Өлеңдер
ЖАН МЕН ТӘН - Сәбит Дөнентаев
Бір күні тәнге өкпесін жан айтады
(Жанның да дәл өзі емес халі айтады):
«Қанша жыл жолдас болып келіп едім,
Көңілімді бір мінезің қарайтады».
— «Айта ғой қандай мінез көрсеттім» деп,
Тән тұрып жанға көзін алайтады.
— «Тік тұрып табанымнан күткенімді —
Аймақтың бастан - аяқ бәрі айтады.
Күтпеді, сыйламады жолдасын деп
Жағынан алғыр қандай жан айтады.
Япырым - ай, мынау жанын күтеді - ау деп,
Қонақтың, қонып кеткен саны айтады».
Жан тұрып шыдай алмай бастады сөз:
«Бәрі бір ақылсызға алтын мен жез,
Шамалы сенің сыйын, болар еді,
Қисықты түзейтұғын болса егер тез,»
«Ісінді сый - құрмет деп білген ұқпас.
Көрмесе мұны құрмет санасыз кез,
«Солай күт, мені күтсең дедім қашан.
Қума өнер, қылма кесіп, ғылымнан без».
«Мен көндім не қылсаң да қина дедім,
Мал, өнер мені қинап жина дедім.
Шамаңша керектіңді баурап алып,
Сонан соң күтсең күтіп, сыйла дедім.
Ішіп - жеп, құрсақ сыйпап, жан күткен боп,
Мен сылтау, өз басынды сыйлап едің.
Басыңда жастық болды, астың көрпе,
Бай - патша, болдың мырза дегдар ерге,
Етті жеп, қымызды ішіп бөртіп алып,
Әңгіме соқтың қолды серпе - серпе.
Болса да кімнің сыйы ақыр жаттың,
Жер болса қиын - қыстау мені саттың,
Осы ма, сыйлағаның, есер жолдас
Досыңды өзің жатып тұзаққа аттың.»
Көзінен тән жылады ағызып жас: —
Жолдасым, сен айтқан сөз бәрі де рас.
Бұрынғы ізбен кеттім айып етпе,
Жалқаулық ата - анадан қалған мирас.
Қолымнан келсе де, түк келмесе де,
Бола алмас бұдан бұлай ішкенім ас».

Сүйіпсің мені... Сүйіпсің мені...
Сүйіпсің мені, Мен,- дедім,- неткен бақытты ер, Арнапсың жаухар жырыңды "маржан - жақұт", дер. Өмірімді ойран еткен опасыз бір жан бар, Көңілімді
Көкшетау - Сәкен Сейфуллин Көкшетау - Сәкен Сейфуллин
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы. Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан - жақтан ертелі - кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен - сауын.
Абайғa - Сәбит Дөнентаев Абайғa - Сәбит Дөнентаев
Бәрі бала жас еді, Бәрі ұйқыда мас еді Барлық қазақ баласы. Сонда ішінен жарқ етіп, Ақыл ойын сарп етіп, Жөн бастаған данасы!
Мына Жердің күшін - ай Мына Жердің күшін - ай
Мына Жердің күшін - ай! Әулие екен Ньютон дегендерің. Тартылыстар талқысын жеңем дедім, жердегінің бәрінен жырақ кетіп, отауына аспанның енем дедім.
Ақылшы торғай Ақылшы торғай
Бір адам жүреді екен тұзақ құрып, Бір торғай ұстап алды сүйтіп жүріп, Балаларға сатайын деп ойлапты, Торғайды жазып алып ұстап тұрып.
Сен бе едің? Сен бе едің?
Көтерілмей жүргенде еңсем менің, Армандадым, біреуді көрсем дедім. Біреу маған алыстан қолын созған, Қолын созған қамқоршым, сол сен бе ёдің?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×