ойын сауық отауы
Мен сені қызғанамын
01.03.2016 3 666 0 Дауыл

Мен сені қызғанамын

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Мен сені қызғанамын.
Жалт етіп қарағанына емес қыз баланың
(мен ешқашан қызғанбан қызға, жаным,
олар менің қашанда ақ тілеушім ғой -
байбалам сап несіне сызданамын.
Көкірегіңде мен тұрып, шамаң жетсе,
басқа жұртқа мейлің сен жүз қарағын!).
Мен сені қызғанамын
боз біреулер октемсіп басынғанда
(өктемсушілер көбейді - ғасырдан ба...),
доспын дейтін жігіттер бірге отырып,
сенен сырын қулықпен жасырғанда.
Осылардың бәрі оқ боп қадалады
сені нәзік сүйетін ғашық жанға.
Сен далаға тартқансың.
Маңғаз мінез, кеңдікпен көзіме сен
менің дархан далам боп көрінесің,
өзекті өртеп, аңқаңды кептіретін
отты сезімді алдың ба шөлінен сен?!
Бір - біріңнен айнымай қалғасын ба -
мен даламды да қызғанып өліп - өшем.
(Мен оны
да қызғанам
отаны жат біреулер менсінбегенде,
ей, ағайын, мені тым "жершіл" демеңдер.
Мен төзбеймін жат біреу қожасып жүрсе
бабаларымның қаны мен тері сіңген жерге!
Тұмау құртқан солардың танауларына
даланың жұпар ауасы келсін бе мүлде!)
Мен сені қызғанамын
қадіріңді біреулер білмегенде,
сені сырттай көре алмай күндегенде.
Өзің жайлы орынсыз мысқыл айтса,
қаным қайнап кетеді бұл денемде.
... Осыған да шүкірлік. Пақырлық қой
қызғанышсыз, жалынсыз күн көрем деу.

Менің соңғы хатым... Менің соңғы хатым...
Сені сағынудан шаршадым Бұдан былай хат жазбаймын Уәде беремін мына менің соңғы хатым
Кешірші Кешірші
Мазалайды ойлар өзіммен өзім қалғанда, Істеген ісім бес күндік мына жалғанда. Бұрынғы менің алаңсыз кезім қай жақта, Ақ таңда тұрып қағатын қанат
Қызғанып қалма, жаным, сен Қызғанып қалма, жаным, сен
Біреулер менің қолымды қысса, жаныма қейде күліп кеп, қызғанып қалма, жаным, сен: сен үшін ғана құрметтеп мені тұратын шығар жігіттер, қызбалық
Білемін Білемін
Білемін: сүйем сүйсем әйтеуір құлап - талып, дүниенің барлығы жырақ қалып. Сені мен мен түсінер жай туралы көргенім жоқ ешкімге сыр ақтарып.
Біреулер масаттанып табысына Біреулер масаттанып табысына
Біреулер масаттанып табысына, жүгірер бас пайдаға жан ұшыра. Біреулер билік тисе маңғазданып, ұмытар қайда екенін абзал халық.
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері №1 Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері №1
Адасқан шағала Жаным-ау, қайдан жүрсің, ақ шағала, Келсең кел, бұл өлкені жат-санама. От-суы мол осынау байтақ алқап, Сая болған батырға, патшаға да.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×