Келеді еріншек түн
Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі
Келеді еріншек түн.
Жасыл құрақ. Үн де жоқ жағада түк.
Көл мөлдіреп көзіндей келіншектің,
жанарына аспанды паналатып,
керілді айлы нұрда
сүт сәулеге кеудесін жалаңаштап.
Жалтылдаған тайғанақ айдынында -
егіз аққу сырғанап барады асқақ.
Аспанды өртеді үміт,
Жер - сұлуға сұқтанып сол шақтағы.
Айнакөлдің жанары төңкеріліп,
жарқылдайды төсінде моншақтары.
Тына қап жел де жансыз,
сұлулыққа қарайды Ай да жасып.
Екеуіміздей, Аспан мен Жер де амалсыз
көздерімен тұрды тек аймаласып.
Келеді еріншек түн.
Жасыл құрақ. Үн де жоқ жағада түк.
Көл мөлдіреп көзіндей келіншектің,
жанарына аспанды паналатып,
керілді айлы нұрда
сүт сәулеге кеудесін жалаңаштап.
Жалтылдаған тайғанақ айдынында -
егіз аққу сырғанап барады асқақ.
Аспанды өртеді үміт,
Жер - сұлуға сұқтанып сол шақтағы.
Айнакөлдің жанары төңкеріліп,
жарқылдайды төсінде моншақтары.
Тына қап жел де жансыз,
сұлулыққа қарайды Ай да жасып.
Екеуіміздей, Аспан мен Жер де амалсыз
көздерімен тұрды тек аймаласып.
Шаттану
Сай - саладан шаттық пен күлкі ағылып, сыңғыр қағып бұлақтар, қырқа жібіп, "Қыстың сызы қалмаған жазғытұрым" келді міне бізге де гүл тағынып.
Ағалар
Ағалар асқар тауым ғой асқақтап тұрған көк тіреп, Жабықтырғанда дауылды ой, мандайымнан менің өтті кеп.
Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені
Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені, елемей еш пендені, көлгірсіген шуылдақ жұрттың бәрін қойдай көріп жайылған тепсеңдегі.
Мың жұлдызы бар болса да
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны, Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны. Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып, Жарықта да түк