ойын сауық отауы
Түсінбеймін
22.09.2016 6 546 0 Дауыл

Түсінбеймін

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаевтың өлеңі

Біле алмаймын, білмеймін, түсінбеймін,
(Түсінбесең, түсінбе, түсін мейлің)
Қуанып көктен ырыс құйды екен деп,
Қолымнан тостағымды түсірмеймін.

Жағуға да жоқ шама аққа қара,
Жабуға да жоқ дәрмен жатқа жала.
Түсінемін, түсінсем бірдемені,
Өзімді өзім түсінген шақта ғана,
Өзімді өзім зерттеген шақта ғана.

Түсінбеймін жақсыны, жаманды да,
Адамды да білмеймін, наданды да.
Жазығым да жоқ менің, заң алдында,
Бір ғажап өзгеріс бар, өзгеріс бар...

Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы,
Опорный орта мектебінің
3 сынып оқушысы Дарханқызы Айерке

Ауырғанда Ауырғанда
Өңім бе, әлде, түсім бе? Жоқ еді қулық ісімде. Бір ағайын келмеді, Үлкен - кіші ішінде. Білмеймін, не пәлеге болдым душар? Дем ыстық, жан жаралы,
Пана да бола біледі Пана да бола біледі
«Бала ғой» дейміз баланы, Ат та жоқ басқа беретін. Баладан өсер - дананы Көз де жоқ бізде көретін.
Қарасаз Қарасаз
Мен бақыттымын, Бақытты жерде туылдым. Айналайын Қарасаз, Қасиетінен суының!
Көнеміз де... Көнеміз де...
Қайтер едің өмірге келмегенде, Көнесің де... Қайтесің көнбегенде? Көресің де... Қайтесің көрмегенде? Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде.
Несіне ойланасың Несіне ойланасың
Несіне ойланасың, Несіне қиналасың, Қайтесің, Бір жылы сөз қимағасын? Атаң қазақ ескерткен әлдеқашан, Ешкімде сыйламайды сыйламасаң!
Жылдарым менің, жылдарым Жылдарым менің, жылдарым
Жылдарым менің, жылдарым Жазылмай қалған жылдарым. Айтылмай жүрген сырларым, Ақтармай жүрген мұңдарым, Жылдарым, қайран, жылдарым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×