ойын сауық отауы
Көнеміз де...
22.09.2016 6 132 0 Дауыл

Көнеміз де...

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаевтың өлеңі

Қайтер едің өмірге келмегенде,
Көнесің де...
Қайтесің көнбегенде?
Көресің де...
Қайтесің көрмегенде?
Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде.

Қадірлі дос,
Хәліңді ұғып тұрмын.
Күйзелттің ғой, бәрін де ұмыттырдың,
Нақ айыпты жандайын алдында мен
Не дерімді біле алмай құрып тұрмын.

Не де болса, тәуекел - тең көрейік,
Әкел бері қайғыңды - тең бөлейік!
Бірімізге біріміз дем берейік,
Бір арбаның астында дөңгелейік.

Қақ бөлесің қайғыңды,
Келісеміз.
Алауын да, уын да тең шешеміз.
Кезбе бақыт кездесіп қалса бізге,
Тепе - тең ғып екіге бөлісеміз!

«Өлі балық жолығар өлмегенге!»
Өлмегенге не жетсін, өлмегенге!
Өмір деген осылай, жаным менің,
Қайтер едік өмірге келмегенде?!
Көнеміз де...
Қайтеміз көнбегенде???

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 сынып оқушысы Дарханқызы Айерке

Мен өзіңе не қылдым? Мен өзіңе не қылдым?
Жасы алпысқа жетпей - ақ, Қара басып, қағындым. Екі аяқтан айырылып, Төсегіме таңылдым.
Қарасаз Қарасаз
Мен бақыттымын, Бақытты жерде туылдым. Айналайын Қарасаз, Қасиетінен суының!
Түсінбеймін Түсінбеймін
Біле алмаймын, білмеймін, түсінбеймін, (Түсінбесең, түсінбе, түсін мейлің) Қуанып көктен ырыс құйды екен деп, Қолымнан тостағымды түсірмеймін.
Несіне ойланасың Несіне ойланасың
Несіне ойланасың, Несіне қиналасың, Қайтесің, Бір жылы сөз қимағасын? Атаң қазақ ескерткен әлдеқашан, Ешкімде сыйламайды сыйламасаң!
Жылдарым менің, жылдарым Жылдарым менің, жылдарым
Жылдарым менің, жылдарым Жазылмай қалған жылдарым. Айтылмай жүрген сырларым, Ақтармай жүрген мұңдарым, Жылдарым, қайран, жылдарым.
Құрдасым Ақзамға сәлем Құрдасым Ақзамға сәлем
... Құдайға менің не өкпем бар? Берген соң сендей құрдасты, Беріп жібер «төшкіңді» Қасына қосты бір басты
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×