Өмір туралы
Өлеңдер
Әбдібек Жаманбаев
Тоқтаусыз ұшқан оқтай жылың,
Жас - кәрі бұл арада болсақ та мың.
Мәңгілік бір орынға баражақпыз,
Санаулы - ақ шығар күні біреуіміздің.
Қарасам, жан – жақтағы обаларға,
Белгі боп тұрған көптен далаларға
«Сендерден өмірім аз ғой» деп ойлаймын,
Жетпеген атам менен бабалар да.
Күндерді, қаншама өткен жылдар менен
Ойменен өткізуді әдеттенгем.
Қорқамын ызғарынан осы ма деп,
Ажал жыл арасынан маған деген?
Жазмышта қай жерде екен ажал маған?
Жолда ма, суда ма екен толқындаған?
Болмаса, туып - өскен, ойнап - күлген,
Туған жер, тиіс пе екен жалғыз саған?
Жан кеткен құр денеге бәрі бір ғой,
Айда өлсең, жатар орның қара жер ғой.
Сонда да, туған жерге жақынырақ
Жатуың - көңіліңе сүйемел ғой.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 «ә» сынып оқушысы Дарханқызы Айерке.
Тоқтаусыз ұшқан оқтай жылың,
Жас - кәрі бұл арада болсақ та мың.
Мәңгілік бір орынға баражақпыз,
Санаулы - ақ шығар күні біреуіміздің.
Қарасам, жан – жақтағы обаларға,
Белгі боп тұрған көптен далаларға
«Сендерден өмірім аз ғой» деп ойлаймын,
Жетпеген атам менен бабалар да.
Күндерді, қаншама өткен жылдар менен
Ойменен өткізуді әдеттенгем.
Қорқамын ызғарынан осы ма деп,
Ажал жыл арасынан маған деген?
Жазмышта қай жерде екен ажал маған?
Жолда ма, суда ма екен толқындаған?
Болмаса, туып - өскен, ойнап - күлген,
Туған жер, тиіс пе екен жалғыз саған?
Жан кеткен құр денеге бәрі бір ғой,
Айда өлсең, жатар орның қара жер ғой.
Сонда да, туған жерге жақынырақ
Жатуың - көңіліңе сүйемел ғой.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 «ә» сынып оқушысы Дарханқызы Айерке.
Жер – туған жер
Соғысты біз көрмедік, Көріп жүрміз кинодан. Жұрттың көріп өлгенін, Аяп қатты қиналам.
Мен өзіңе не қылдым?
Жасы алпысқа жетпей - ақ, Қара басып, қағындым. Екі аяқтан айырылып, Төсегіме таңылдым.
Пана да бола біледі
«Бала ғой» дейміз баланы, Ат та жоқ басқа беретін. Баладан өсер - дананы Көз де жоқ бізде көретін.
Ағама
Ақ көңіл ағам, дархан бір мынау өмірде, Көп еді - ау, еңбегің еткен ерінбей. Кетер ме екен, қазақтың қара ұлына, Саулығыңды да сарт етіп, еңбегің
Дастархан басында
Селдетіп өткен тасқындай Серпіліп біраз асасың, Сергітіп кеткен мас қылмай, Сейілді күндер жасасын!
Жылдарым менің, жылдарым
Жылдарым менің, жылдарым Жазылмай қалған жылдарым. Айтылмай жүрген сырларым, Ақтармай жүрген мұңдарым, Жылдарым, қайран, жылдарым.