Дастархан басында
Өлеңдер
Селдетіп өткен тасқындай
Серпіліп біраз асасың,
Сергітіп кеткен мас қылмай,
Сейілді күндер жасасын!
Айналаң толы дос - жаран,
Айқара құшақ ашасың,
Жауының сөзін қоштаған
Жауыңның өзі жасасын!
Арынға салма ауыздық,
От болсын, мейлі шоқ болсын.
Дүниедегі жауыздық
Көмейден өтіп, жоқ болсын!
Тамаша әзіл не түрлі,
Тартылсын ылғи табақтар.
Шөлмектегі арақ секілді
Жойылсын қырғи қабақтар!
Селдетіп өткен тасқындай
Серпіліп біраз тасасың.
Сергітіп кеткен мас қылмай,
Сейілді күндер жасасын!
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 сынып оқушысы Дарханқызы Айерке
Серпіліп біраз асасың,
Сергітіп кеткен мас қылмай,
Сейілді күндер жасасын!
Айналаң толы дос - жаран,
Айқара құшақ ашасың,
Жауының сөзін қоштаған
Жауыңның өзі жасасын!
Арынға салма ауыздық,
От болсын, мейлі шоқ болсын.
Дүниедегі жауыздық
Көмейден өтіп, жоқ болсын!
Тамаша әзіл не түрлі,
Тартылсын ылғи табақтар.
Шөлмектегі арақ секілді
Жойылсын қырғи қабақтар!
Селдетіп өткен тасқындай
Серпіліп біраз тасасың.
Сергітіп кеткен мас қылмай,
Сейілді күндер жасасын!
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 сынып оқушысы Дарханқызы Айерке
Сұлтанмахмұт Торайғыров - Алаш ұраны
Алаш туы астында, Біз алаштың баласы. Күніміз туып көгерді, Сарыарқаның даласы.
Мен өзіңе не қылдым?
Жасы алпысқа жетпей - ақ, Қара басып, қағындым. Екі аяқтан айырылып, Төсегіме таңылдым.
Пана да бола біледі
«Бала ғой» дейміз баланы, Ат та жоқ басқа беретін. Баладан өсер - дананы Көз де жоқ бізде көретін.
Өмір туралы
Тоқтаусыз ұшқан оқтай жылың, Жас - кәрі бұл арада болсақ та мың. Мәңгілік бір орынға баражақпыз, Санаулы - ақ шығар күні біреуіміздің.
Несіне ойланасың
Несіне ойланасың, Несіне қиналасың, Қайтесің, Бір жылы сөз қимағасын? Атаң қазақ ескерткен әлдеқашан, Ешкімде сыйламайды сыйламасаң!
Жылдарым менің, жылдарым
Жылдарым менің, жылдарым Жазылмай қалған жылдарым. Айтылмай жүрген сырларым, Ақтармай жүрген мұңдарым, Жылдарым, қайран, жылдарым.