ойын сауық отауы
Оқып жүрген жастарға
23.09.2016 4 021 0 Дауыл

Оқып жүрген жастарға

Өлеңдер
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері

Оқып жүрген жастарға

Үмітпенен жоқ қуған
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтіп қаламыз.
Тәуекелге бел бусақ,
Көрдегіні аламыз.
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,
Қусақ бәрін шаламыз.
Іс істейік бір болып,
Ашылмасын саламыз.
Сұмдар салған жүректе
Аз ба біздің жарамыз?
Тепкісінде басқаның,
Қор боп жүдеп барамыз.
Көріне көзге азапта
Мәңгі қайтіп қаламыз?
Ойыңды енді азат қыл
Қалсын былай балалық.

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке

Орнымыз медресе оқып жатқан Орнымыз медресе оқып жатқан
Орнымыз медресе оқып жатқан, Талайлар оқу оқып өнер тапқан. «Аз - көп» деп, бергеніңді молда сөз ғып, Әуелден ресім жоқ ғылым сатқан.
Неге жасаймын Неге жасаймын
Сусыз, шетсіз шөлдерден Тұманды, түпсіз көлдерден, Адамдық көші өткенше! Қасқыр мен қой дос болып, Достықсыз өмір бос болып,
Мейірімсіз ажал Мейірімсіз ажал
Көңілге қайғы у салып, Көзден жасты парлатқан, Жүрекке жара дақ салып, Жанды ашытып зарлатқан Уытың күшті, ажал - ай!
Қандай басшы Қандай басшы
Қазаққа басшымыз дер шляпалар, Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар. Істеген он тиындық еңбегі жоқ, Бос мылжың, даурықпада қанша мән бар?
Жұмақ Жұмақ
Кең сарай — ұғуынша жұрттың жұмақ Бар мұсылман жиналып сонда тұрмақ. Ұйқы жоқ, ас ішу жоқ, махаббат жоқ, Не қылған «қызық тірлік» біткен қурап!
Асыл сөз Асыл сөз
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адамдықты көздесең, Жат тоқып ал көңілге.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×