ойын сауық отауы
Орнымыз медресе оқып жатқан
23.09.2016 2 189 0 Дауыл

Орнымыз медресе оқып жатқан

Өлеңдер
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері

ОРНЫМЫЗ МЕДРЕСЕ ОҚЫП ЖАТҚАН
Орнымыз медресе оқып жатқан,
Талайлар оқу оқып өнер тапқан.
«Аз - көп» деп, бергеніңді молда сөз ғып,
Әуелден ресім жоқ ғылым сатқан.
Өнер ғой оқу деген таңдай атқан,
Оқу білсең орынды болар мақтан.
Білімге қарсы тұрар қандай күш бар,
Бас иер талай мырза кеуде қаққан.
Таусылмас ғылым теңіз шалқып жатқан,
Соңынан қалмас оның дәмін татқан.
Өмір бойы оқысаң бір таусылмай,
Қиындығы қинайды жанға батқан.
Шынында, ғылым артық мал мен бақтан,
Ғылым болса қара су тасып аққан.
«Оқу оқып, не керек, мал таппай» деп
Қазақтың айтқан сөзі надандықтан.
Молда көп, молда деген атын сатқан,
Бас алмай, өтірік соққан шариғаттан.
Өзі хат білмесе де «оқуы» көп,
Бас айналған, мылжыңнан діңкең қатқан.

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке

Қарашаш Қарашаш
Институтта жүр оқып Қазақ қызы Қарашаш. Оқы, оқы, қарындас, Туған елге білім шаш.
Секілді өмір қысқа, жарты тұтам Секілді өмір қысқа, жарты тұтам
Секілді өмір қысқа, жарты тұтам, Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам. Аз өмірді ақындық жолға бердім, Лепес қып түкірген соң молда Мұқан.
Қос үй Қос үй
Сырлы үй сегіз қанат қоса тіккен, Жинапты қазынаны биік жүктен. Ең арты кесе, аяқ та алтын - күміс, Таңғалдым: мұнша байлық қалай біткен!
Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын
Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын, Кім білсін, қандай екен ішкі сырын. Әдепсіз, молда алдында тасыраят, Біле алмай отыруды әнтек қырын.
Асыл сөз Асыл сөз
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адамдықты көздесең, Жат тоқып ал көңілге.
Оқып жүрген жастарға Оқып жүрген жастарға
Үмітпенен жоқ қуған Талабы алда баламыз. Басқалар жоғын тапқанда, Біздер қайтіп қаламыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×